Әкімнің 2014 жылғы 7 ақпандағы № 3 "Рудный қаласында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 7 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 тамызда № 5793 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімінің 28.05.2018 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 23-бабына сәйкес, Рудный қалалық сайлау комиссиясымен келісім бойынша ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Рудный қаласы әкімінің 2014 жылғы 7 ақпандағы № 3 "Рудный қаласында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4486 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 наурызда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің "Рудный қаласының аумағындағы сайлау учаскелері" қосымшасы:

      "№ 849 сайлау учаскесі

      Рудный қаласының шекараларында: Парк көшесі, № 45 үй, Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Рудный интернат үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.";

      "№ 850 сайлау учаскесі

      Рудный қаласының шекараларында: Ленин көшесі, № 68 үй, Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Рудный № 2 интернат үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімі аппаратының басшысы А.Т. Өмірбаевқа жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласы әкімінің
міндетін атқарушы
М. Досболов

      КЕЛІСІЛДІ

      Рудный қалалық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      _____________ Ю. Нагерняк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады