Лисаков қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 69 "2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 211 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 шілдеде № 5764 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Лисаков қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 69 "2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5526 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 сәуірдегі "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Н.Н. Конкабаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 01 мамырынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Қала әкімінің міндетін атқарушы            А. Исенбаев

Әкімдіктің         
2015 жылғы 23 маусымдағы 
№ 211 қаулысына 1-қосымша 

Әкімдіктің         
2015 жылғы 10 наурыздағы 
№ 69 қаулысына 2-қосымша 

2015 жылға арналған Лисаков қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-
аумақтық орналасуы (аудан, қала)

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеле-
нушілер саны

Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржылан-
дырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-
аналарының бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)

1

Лисаков қаласы

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің "Мұрагер" мектепке дейінгі оқу-тәрбие орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

356

15562,893

3 жасқа дейін – 6600

3 жастан бастап – 8140

2

Лисаков қаласы

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің "Улыбка" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

240

15562,893

3 жасқа дейін – 6600

3 жастан бастап – 8140

3

Лисаков қаласы

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің "Дельфинчик" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

315

15562,893

3 жасқа дейін – 6600

3 жастан бастап – 8140

4

Лисаков қаласы

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің "Ивушка" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

311

15562,893

3 жасқа дейін – 6600

3 жастан бастап – 8140

5

Лисаков қаласы

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің "Балапан" жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

50

15562,893

3 жасқа дейін – 6600

3 жастан бастап – 8140

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады