2016 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 238 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 желтоқсанда № 6093 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 76 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 16.03.2016 № 76 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7- бабының 5) тармақшасына, 20 - бабының 1, 5 – тармақтарына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Денисов ауданы бойынша 2016 жылға арналған ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбегіне ақы төлеу мөлшері аудандық бюджет қаражаты есебінен 2016 жылға белгіленген ең төменгі айлық жалақының бір жарым мөлшерінде бекітілсін.
      3. Мыналар белгіленсін:
      1) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырған кезде, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік салық аудандық бюджеттен өтеледі және жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аударылады;
      2) жалақыны аудару мен төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметіне комиссиялық сыйақыдан төлеу шығыстары қоғамдық жұмыстарды орындау шартында белгіленген мөлшерлерде жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аудандық бюджеттен өтеледі.
      4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және тізбеде белгіленген ұйымдар арасында қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шартта көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.
      5. Әкімдіктің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 113 "2015 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5725 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 шілдеде "Наше время" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Денисов
ауданының әкімі
Е. Жаманов

      КЕЛІСІЛДІ
      Денисов ауданының прокуроры
      __________________ А. Бултаев

  Әкімдіктің
2015 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 238 қаулысымен бекітілген

Денисов ауданы бойынша 2016 жылға арналған
ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың
түрлері, көлімі және нақты жағдайлары


Ұйымдардың атауы

Жұмыстардың түрлері

Қоғамдық жұмыстардың көлемі (сағат)

Қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары

1
"Денисов ауданы әкімдігінің және Денисов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" "Дидар" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Перелески ауылының аумағын жинау және абаттандыруға көмек
1344
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен көзделген шектеулерді ескере отырып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен.
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Антоновка ауылының аумағын жинау және абаттандыруға көмек
2688
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Свердловка ауылының аумағын жинау және абаттандыруға көмек
1344
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Приреченка ауылының аумағын жинау және абаттандыруға көмек
1344
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Қырым ауылының аумағын жинау және абаттандыруға көмек
1344
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Фрунзенское ауылының аумағын жинау және абаттандыруға көмек
2688
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Некрасовка ауылының аумағын жинау және абаттандыруға көмек
1344
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Заәйет ауылының аумағын жинау және абаттандыруға көмек
992
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Аршалы ауылының аумағын жинау және абаттандыруға көмек
992
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Әйет ауылының аумағын жинау және абаттандыруға көмек
1344
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Комаровка ауылының аумағын жинау және абаттандыруға көмек
1488
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Покровка ауылының аумағын жинау және абаттандыруға көмек
1344
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Глебовка ауылының аумағын жинау және абаттандыруға көмек
1984
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Денисовка ауылының аумағын жинау және абаттандыруға көмек
48400
2
"Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Солнечный" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, аумағын жинау және абаттандыруға көмек
2016
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен көзделген шектеулерді ескере отырып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен.
3
"Денисов ауданының прокуратурасы" мемлекеттік мекемесі
Қызметкердiң алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, құжаттаманы өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізуде күнделікті көмек.
Қызметкердiң алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, қосымша жұмыстарды жүргізуде күнделікті көмек.
5808
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен көзделген шектеулерді ескере отырып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен.

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады