"2015 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 531 әкімдік қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 246 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 тамызда № 5782 болып тіркелді

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының  5-тармағына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2015 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 531 әкімдік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2015 жылғы 23 қаңтарда № 5335 тіркелген, 2015 жылғы 12 ақпанда "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "2015 жылға арналған қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері" қосымшасы:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 19-жолмен толықтырылсын:
      "

19

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қостанай облысы Әділет департаментінің Жітіқара ауданының әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, жұмыстар жүргізуде күнделікті көмек көрсету - 1008 сағат

                                                                   ".
      2. Қаулының орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары Ж.У. Тальтековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара
      ауданының әкімі                            М. Утешов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы
      Әділет министрлігі
      Қостанай облысы Әділет
      департаментінің Жітіқара
      ауданының әділет басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ___________________ Г. Жузбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады