Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 23 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 наурызда № 5414 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қамысты аудандық сайлау комиссиясымен бiрлесiп (келісім бойынша) үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін қосымшаға сәйкес орындар белгіленсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімінің
міндетін атқарушы
Е. Карбозов

  Әкімдіктің
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 23 қаулысына қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 13.12.2021 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

№ р/с

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Адаевка ауылы

Школьная көшесі (Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қамысты ауданы білім бөлімінің Адай жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында)

2

Алтынсарин ауылы

Школьная көшесі (ауылдық Мәдениет үйі ғимаратының сол жағында), Октябрьская көшесі (Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қамысты орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының "Алтынсарин дәрігерлік амбулаториясы" ғимаратының алды)

3

Аралкөл ауылы

Школьная көшесі (Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қамысты ауданының білім бөлімінің Бестау бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

4

Арқа ауылы

Торговая көшесі ("Қамысты ауданы әкімдігінің Арқа ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында)

5

Бестөбе ауылы

Абай көшесі ("Бестөбе-2" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің орталық кеңсесі ғимаратының алды)

6

Дружба ауылы

Школьная көшесі (Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қамысты ауданы білім бөлімінің Дружба негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)

7

Қамысты ауылы

Ленин көшесі (Универмаг ғимаратына қарама-қарсы), Құдайқұлов көшесі ("Рахат" дүкені ғимаратының алды), Ержанов көшесі ("Детский мир" дүкені ғимаратының алды)

8

Қарабатыр ауылы

Комсомольская көшесі (Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қамысты орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының "Қарабатыр фельдшерлік - акушерлік пункті" ғимаратының оң жағында)

9

Клочков ауылы

Учительская көшесі ("Алтынсарин" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңсесі ғимаратына қарама-қарсы)

10

Красногор ауылы

Парковая көшесі ("Тагиров У.М." жеке кәсіпкердің азық-түлік дүкені ғимаратының алды)

     
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады