"Қарабалык ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеме туралы ережесін бекіту туралы

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 36 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 5 наурызда № 5395 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 99 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 04.05.2016 № 99 қаулысымен.
      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса береліп отырған "Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеме туралы ережесі бекітілсін.
      2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 762 "Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеме туралы" қаулысы жойылсын.
      3. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамамен белгіленген мерзімде әділет органдарда мемлекеттік қайта тіркеуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.С.Саринге жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Исмағұлов

  Қарабалық ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 36 қаулысымен бекітілді

"Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар: "Қарабалық ауданы әкімдігінің мал дәрігерлік станциясы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
      3. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
      4. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі (егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан) азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының шегі қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері:110900 Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Новоселов көшесі 2 А.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: - "Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Арнаулы уәкілдігі: "Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегіндегі ветеринария саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      15. Міндеттері:
      1) жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;
      2) халық денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау;
      3) ветеринарлық - санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      4) басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуіне және таратылуына сәйкес әкімшілік - аумақтық бірлікті аумағын қорғау;
      5) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын – алу және оны жою;
      6) мемлекет көрсететін қызметтің сапасын жоғарлату;
      7) мемлекет көрсететін қызметтің нормативтік құқықтық негізін жетілдіру;
      8) мемлекет көрсететін қызметтің сапасына баға беру және мониторинг жүргізу;
      16. Функциялары:
      1) облыстың жергілікті өкілді органына жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету ережелерін, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелерін, жануарларды ұстаудың санитарлық аймақтық шекарасын белгілеу жөніндегі ұсыныстарды бекіту ұсынылды;
      2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ұйымдастырылды;
      3) мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды ветеринариялық нормативті актілерге сәйкес ұстауды қамтамасыз етеді;
      4) жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ, ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
      5) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
      6) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтейді;
      7) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекітеді;
      8) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін береді;
      9) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылайды және қадағалайды:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
      экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) бағдарлардан өтетін, мал айдалатын жолдарда, бағдардан, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
      10) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырылады;
      11) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
      12) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
      13) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      14) облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      15) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастырады;
      16) облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізеді;
      17) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
      18) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      17. Ведомствоның функциялары:
      1) жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;
      2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу;
      3) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді;
      4) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды;
      5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беруді;
      6) биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізуді;
      7) ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсету;
      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа өкілеттіктер.
      18. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Өз қызметін басқа атқарушы билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру;
      2) өзінің құзыреті шегінде заңнамамен бекітілген тәртіп бойынша (сауалдар негізінде) жергілікті мемлекеттік басқарулар және басқа ұйымдардан қажетті ақпараттық материалдар алу;
      3) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасауға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар сатып алуға, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, ұйымдарда өзінің ынтасын білдіру;
      4) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер шақыру;
      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттер.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінде басшылықты бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      20. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын Қарабалық ауданы әкімінің өкімімен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
      2) Бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға жеке жауапкер болады, малдардың энзоотиялық және аса қауіпті аурулары бойынша ветеринариялық шараларды өткізуге бөлінген бюджеттік қаржаттың мақсатты пайдалануын қамтамасыз етеді;
      3) заңнамада белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) Бөлім қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттігін белгілейді;
      5) Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Бөлімді мемлекеттік органдарда, ұйымдарда өкілдік жасайды;
      6) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданған шараларға жеке жауапты болады;
      7) заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттілік жүргізеді.
      "Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінде басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінде бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінде, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      26. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района"

Постановление акимата Карабалыкского района Костанайской области от 12 февраля 2015 года № 36. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 5 марта 2015 года № 5395. Утратило силу постановлением акимата Карабалыкского района Костанайской области от 4 мая 2016 года № 99

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Карабалыкского района Костанайской области от 04.05.2016 № 99.
      В соответствии со статьей 10 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Указа Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат Карабалыкского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района".
      2. Постановление акимата Карабалыкского района от 19 декабря 2012 года № 762 "О государственном учреждении "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района" отменить.
      3. Государственному учреждению "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района" провести государственную регистрацию в органах юстиции в установленные законодательством сроки.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Сарина А.С.
      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким района А. Исмагулов

  Утверждено постановлением акимата Карабалыкского района от 12 февраля 2015 года № 36

Положение
о государственном учреждении
"Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере ветеринарии.
      2. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района" имеет ведомство: коммунальное государственное предприятие "Ветеринарная станция акимата Карабалыкского района".
      3. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района" имеет право выступать стороной (гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством).
      7. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственное учреждение "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: 110900 Республики Казахстан, Костанайская область, Карабалыкский район, поселок Карабалык, улица НовосҰлов 2 А.
      10. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района".
      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района" осуществляется из местного бюджета.
      13. Государственному учреждению "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного органа.
      Если государственному учреждению "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      14. Миссия: государственного учреждения "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского реализация политики в области ветеринарии в пределах своей компетенции.
      15. Задачи:
      1) защита животных от болезней и их лечение;
      2) охрана здоровья населения от болезней, общих для животных и человека;
      3) обеспечение ветеринарно-санитарной безопасности;
      4) охрана территории соответствующей административно-территориальной единицы от заноса и распространения заразных и экзотических болезней животных из других государств;
      5) предупреждение и ликвидация загрязнения окружающей среды при осуществлении физическими и юридическими лицами деятельности в области ветеринарии;
      6) повышение качества оказываемых государственных услуг;
      7) совершенствование нормативной правовой базы оказываемых государственных услуг;
      8) мониторинг и оценка качества оказываемых государственных услуг.
      16. Функции:
      1) вносит в местный представительный орган области для утверждения правила содержания животных, правила содержания и выгула собак и кошек, правила отлова и уничтожения бродячих собак и кошек, предложений по установлению границ санитарных зон содержания животных;
      2) организует отлов и уничтожение бродячих собак и кошек;
      3) организует строительство скотомогильников (биотермических ям) и обеспечивает их содержания в соответствии с ветеринарными (ветеринарно-санитарными) требованиями;
      4) организует работу государственной комиссий по приему в эксплуатацию объектов производства, осуществляющих выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также организаций по производству, хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок;
      5) организует обезвреживание (обеззараживание) и переработку без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих опасность для здоровья животных и человека;
      6) возмещает владельцам стоимость обезвреженных (обеззараженных) и переработанных без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих опасность для здоровья животных и человека;
      7) утверждает список государственных ветеринарных врачей, имеющих право выдачи ветеринарно-санитарного заключения на объекты государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора;
      8) выдает акты эпизоотологического обследования;
      9) осуществляет государственный ветеринарно-санитарного контроль и надзор на предмет соблюдения требований законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии:
      на объектах внутренней торговли;
      на объектах производства, осуществляющих выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также в организациях по хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок (за исключением связанных с импортом и экспортом);
      у лиц, осуществляющих предпринимательскую деятельность в области ветеринарии за исключением производства ветеринарных препаратов;
      при транспортировке (перемещении), погрузке, выгрузке перемещаемых (перевозимых) объектов в пределах соответствующей административно-территориальной единицы, за исключением их экспорта (импорта) и транзита;
      на всех видах транспортных средств, по всем видам тары, упаковочных материалов, которые могут быть факторами передачи возбудителей болезней животных, за исключением экспорта (импорта) и транзита;
      на скотопрогонных трассах, маршрутах, территориях пастбищ и водопоя животных, по которым проходят маршруты транспортировки (перемещения);
      на территориях, в производственных помещениях и за деятельностью физических и юридических лиц, выращивающих, хранящих, перерабатывающих, реализующих или использующих перемещаемые (перевозимые) объекты, за исключением экспорта (импорта) и транзита;
      10) осуществляет государственный ветеринарно-санитарный контроль и надзор за соблюдением зоогигиенических и ветеринарных (ветеринарно-санитарных) требований при размещении, строительстве, реконструкции и вводе в эксплуатацию скотомогильников (биотермических ям), объектов государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора, связанных с содержанием, разведением, использованием, производством, заготовкой (убоем), хранением, переработкой и реализацией, а также при транспортировке (перемещении) перемещаемых (перевозимых) объектов;
      11) организует проведение ветеринарных мероприятий по энзоотическим болезням животных на территории соответствующей административно-территориальной единицы;
      12) организует проведение мероприятий по идентификации сельскохозяйственных животных, ведению базы данных по идентификации сельскохозяйственных животных;
      13) вносит предложения в местный исполнительный орган области по ветеринарным мероприятиям по профилактике заразных и незаразных болезней животных;
      14) вносит предложения в местный исполнительный орган области по перечню энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляются за счет бюджетных средств;
      15) организует хранение ветеринарных препаратов, приобретенных за счет бюджетных средств, за исключением республиканского запаса ветеринарных препаратов;
      16) вносит предложения в местный исполнительный орган области о ветеринарных мероприятиях по обеспечению ветеринарно-санитарной безопасности на территории соответствующей административно-территориальной единицы;
      17) организует санитарный убой больных животных;
      18) осуществляет в интересах местного государственного управления иных полномочий, возлагаемых на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.
      17. Функции ведомства:
      1) проведение ветеринарных мероприятий против особо опасных, незаразных и энзоотических болезней животных;
      2) проведение идентификации сельскохозяйственных животных;
      3) оказание услуг по искусственному осеменению сельскохозяйственных животных;
      4) проведение отлова и уничтожения бродячих собак и кошек;
      5) ведение базы данных по идентификации сельскохозяйственных животных и выдача выписки из нее;
      6) отбор проб биологического материала и доставка их в ветеринарную лабораторию;
      7) оказание услуг по транспортировке больных животных на санитарный убой;
      8) иные полномочия в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      18. Права и обязанности:
      1) осуществлять свою деятельность во взаимодействии с другими органами исполнительной власти и местного самоуправления;
      2) получать, в установленном законодательством порядке (на основании запросов), необходимые информационные материалы из местных органов государственного управления и других организаций, в пределах своей компетенции;
      3) заключать договоры с юридическими и физическими лицами, приобретать имущественные и личные неимущественные права, представлять свои интересы в государственных органах, организациях в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;
      4) вносить предложения в проекты нормативных правовых актов, принимаемых акимом и акиматом района по вопросам входящим в компетенцию государственного учреждения "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района";
      5) иные права и обязанности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан

3. Организация деятельности государственного органа

      19. Руководство государственного учреждения "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района" осуществляется руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на отдел задач и осуществление им своих функций.
      20. Руководитель государственного учреждения "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района" назначается на должность и освобождается от должности распоряжением акима Карабалыкского района.
      21. Полномочия руководителя государственного учреждения "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района":
      1) организует и руководит работой государственного учреждения "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района";
      2) несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района" задач и функций, обеспечивает целевое использование бюджетных средств, выделенных на проведение ветеринарных мероприятий по энзоотическим и особо опасным болезням животных;
      3) назначает на должность и освобождает от должности работников государственного учреждения "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района" в установленном законодательством порядке;
      4) определяет полномочия и обязанности работников государственного учреждения "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района";
      5) представляет государственное учреждение "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района" в государственных органах, организациях в соответствии с действующим законодательством;
      6) принимает меры, направленные на противодействие коррупции в государственном учреждении "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района" и несет персональную ответственность за принятие антикоррупционных мер;
      7) осуществляет другие полномочия в соответствии с законодательством.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      22. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района" может иметь на праве управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      23. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района" относится к коммунальной собственности.
      24. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      25. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

6. Перечень организаций, находящихся в ведении государственного учреждения "Отдел ветеринарии акимата Карабалыкского района" и его ведомств

      26. Коммунальное государственное предприятие "Ветеринарная станция акимата Карабалыкского района".