"Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекеме туралы ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 236 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 қыркүйекте № 5905 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 99 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 04.05.2016 № 99 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекеме туралы ережесі бекітілсін.
      2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әділет органдарында қайта тіркеу қамтамасыз етілсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Исмағұлов

  Қарабалық ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 24 тамыздағы
№ 236 қаулысымен бекітілді

"Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі экономика және бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствосы жоқ.
      3. "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавттар көшесі, 31 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Миссиясы әлеуметтік-экономикалық саясатты, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйені іске асыруы және ауданның бәсекелестік қабілетінің сапа деңгейіне жетуге және тұрақты экономикалық дамушылыққа апаратын бюджеттік қаражатты тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.
      15. Міндеттер:
      1) мемлекеттік экономикалық саясатты іске асыру;
      2) мемлекетпен кепілді олардың артына тіркелген қызметтерді ұсыну және оларға жүктеген мемлекеттік функцияларды орындау бойынша жергілікті орындау органның қызметке жетуге бағытталған бюджеттік саясатты іске асыру.
      16. Функциялар:
      1) мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыратын бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асыру мониторингін және бағалауды іске асырады;
      2) 2011-2015 жылдарға арналған ауданның аумақтарын дамыту бағдарламасының мониторингін жүзеге асырады;
      3) үш жылдық мерзіміне арналған жергілікті бюджеттің жобасын әзірлейді;
      4) әлеуметтік-экономикалық дамытудың балжамы мен бюджеттік параметрлерді есепке ала отырып бюджеттің болжамдауын әзірлейді;
      5) аудандық бюджеттен қаржыландыратын бюджеттік бағдарламаны әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерді қарастырады және олар бойынша қорытындыларды дайындайды;
      6) тиісті қаржылық жылға аудан бюджеттің жобаны құрастырады және бюджетті айқындау, түзету жөнінде ұсыныстарды енгізеді;
      7) тиісті қаржылық жылға бюджет туралы мәслихат шешімінің жобаны, тиісті қаржылық жылға бюджет туралы мәслихат шешімді іске асыру және өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы әкімдік қаулылардың жобаларды әзірлейді;
      8) бюджеттік бағдарламаның әкімшілерге дейін аудандық бюджеттің шығындар шектерді, сондай-ақ аудандық бюджеттік комиссиямен белгіленген келе жатқан үшжылдық мерзіміне инвестициялық жобалардың тізімі мен көлемдерді жеткізеді;
      9) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамытудың қорытындылары бойынша ақпарат құрайды;
      10) ауданның селолық елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың мониторингін жүзеге асырады;
      11) аудандық бюджеттің қаражаттар есебінен қаржыландыратын мемлекеттік органдардың штаттық кестені талдауын жүзеге асыру;
      12) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттік жоспарлауды әзірлеу мен іске асыруда әдістемелік көмек көрсетеді;
      13) бюджеттік комиссияның жұмысына жұмыс орган ретінде қатысады;
      14) Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша жұмысын ұйымдастырады;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      17. Құқықтар мен міндеттер:
      1) әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттар бойынша аудан әкімдікке ұсыныстарды енгізуге;
      2) жергілікті орындау органдармен дамыту бағдарламаларды, оларды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарларды іске асырудың мониторингін іске асырғау;
      3) мемлекеттік органдарға ақпараттық-талдау материалдарды дайындау және ұсынуға;
      4) мемлекеттік органдардан, мемлекет қатысумен заңды тұлғалардан және басқа ұйымдардан және жеке тұлғалардан өз құзыреті шеңберінде қажетті ақпаратты және құжаттарды сұратуға және алуға;
      5) мониторинг объектілерді тікелей тексеру және ақпаратты талдау, меншіктің аумақтық мониторингіне жататын сараптамалар мен кеңестер үшін жергілікті орындау органның өкілдерді, сондай-ақ еркін сарапшыларды тартуға;
      6) Конституция мен Республика заңнаманы, мемлекеттік және еңбек тәртіпті сақтауға;
      7) заңнамаға сәйкес басқа құқықтарды жүзеге асыруға;
      8) өзге де құқықтар мен міндеттер.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінде басшылықты "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қарабалық ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Қарабалық ауданы әкiмдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;
      2) "Қарабалық ауданы әкiмдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданған шараларға жеке жауапты болады;
      3) "Қарабалық ауданы әкiмдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды орындау үшін дербес жауапты болады;
      4) "Қарабалық ауданы әкiмдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жүргізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмысқа жеке жауап береді;
      5) "Қарабалық ауданы әкiмдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекеме туралы ережені, құрылым мен штат саны бойынша ұсыныстарды құрастырады және оларды әкімдікке бекітуге енгізеді, еңбекақы қоры үнемделуінің шегінде мемлекеттік қызметшілерге материалдық көтермелеу (сыйақы), үстемақыларды орнатады;
      6) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Қарабалық ауданы әкiмдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерді лауазымға тағайындайды және лауазымдық орнынан босатады;
      7) "Қарабалық ауданы әкiмдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлердің міндеттерді және өкілеттік шеңберін анықтайлы;
      8) "Қарабалық ауданы әкiмдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      9) "Қарабалық ауданы әкiмдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерге заңнамамен белгіленген тәртібінде тәртіптік жазаны қолданады;
      10) "Қарабалық ауданы әкiмдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерге орындау үшін міндетті бұйрықтарға қол қояды;
      11) мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының орындалуын бақылайды;
      12) "Қарабалық ауданы әкiмдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан келесім-шарттарды жасасады;
      13) мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнама мен еңбек заңнамасына сәйкес кадрлармен жұмысын бақылайды;
      14) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамасына қол қояды;
      15) қызметкерлерді іс-сапарларға жібереді;
      16) азаматтардың жеке қабылдауын жүзеге асырады;
      17) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады