"Қарабалық ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекеме туралы ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 234 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 қыркүйекте № 5907 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 99 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 04.05.2016 № 99 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қарабалық ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекеме туралы ережесі бекітілсін.
      2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әділет органдарында қайта тіркеу қамтамасыз етілсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Исмағұлов

  Әкімдіктің
2015 жылғы 24 тамыздағы
№ 234 қаулысымен бекітілді

"Қарабалық ауданы әкімдігінің
ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕСІ

      1. Жалпы ережелер
      1. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығы саласында басшылық ететін техникалық инспекциясының саласында бақылау-қадағалау ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдары мен Конституциясына, басқа нормативтік құқықтық актілерге, оған қоса осы Ережелерге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық формасында заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртабаны мен мөрге, белгіленген нұсқаулы бланкіне, Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда өз шотына ие.
      5. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қарым-қатынасқа өз атынан енеді.
      6. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының шегі Қарабалық ауданы әкімімен қолданыстағы заңнама негізінде бекітіледі.
      9. Заңды тұлға орны: 110900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавттар көшесі, 31.
      10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып саналады.
      12. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметпен айналысуға құқық берілсе, бұндай қызметтен түскен табыс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
      2. Мемлекеттік органның құқығы мен міндеттері,
      функциялары, негізгі мақсаттары, миссиясы
      14. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы ауыл шаруашылығы аясында басқарушылық функцияларды, реттелетін салада мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру.
      15. Мақсаттары:
      1) ауданның аграрлық секторы және кәсіпкерлік субъектілерінің ұтымды әрі тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      2) мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жоғарылату;
      3) мемлекеттік қызмет көрсетудің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру.
      4) мемлекеттік қызмет көрсетудің мониторингі мен сапасын бағалау.
      16. Функциялары:
      1) ауылшаруашылық өндірісі саласындағы ауданның агроөнеркәсіптік кешені субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыруды ұйымдастыру;
      2) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
      3) ауылдық аумақтарды дамыту мониторингін жүргізуді ұйымдастыру;
      4) агроөнеркәсіптік кешені мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу және оны облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) беруді ұйымдастыру;
      5) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асыруды ұйымдастыру;
      6) аудандағы асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу үшін деректер жинауды жүзеге асыруды ұйымдастыру;
      7) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден, ауданның асыл тұқымды малы бар жеке және заңды тұлғаларынан бекітілген нысандар бойынша есептер қабылдау;
      8) аудан бойынша бағалау туралы деректерді қабылдау, қорыту және оның нәтижелері туралы мүдделі адамдарды хабардар ету;
      9) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерімен асыл тұқымдық өнімді (материалды) жыл сайынғы өткізу көлемдеріне өтінімдер қабылдауды жүзеге асыру;
      10) асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы, асыл тұқымды репродуктор және ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палата беретін асыл тұқымдық куәліктердің есебін жүргізу;
      11) ауданның шаруашылық жүргізуші субъектілерін міндетті сақтандыруды ұйымдастыру;
      12) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі тиісті аумақта егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеуді ұйымдастыру;
      13) қолайсыз табиғат құбылыстарының әсеріне ұшыраған алқаптардың мөлшерін белгілеу бойынша комиссия құру;
      14) облыстың жергілікті атқарушы органына сақтандыруға жататын ауданның өсімдік шаруашылығы өнімін өндірушілерінің тізілімін ұсыну;
      15) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету;
      16) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізуді ұйымдастыру;
      17) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есептеу және қарауды қамтамасыз ету, басшымен және басшының орынбасарымен жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізуді ұйымдастыру;
      18) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      17. Міндеттері мен құқығы:
      1) Өз қызметін басқа атқарушы органдармен өзара әрекеттесе отырып жүзеге асыру;
      2) Өз құзыреті шегінде жергілікті мемлекеттік мекемелерден, ауылшаруашылық қалыптасулардың және кәсіпкерлік субъектілерінен мұқтаж арқылы заңнамамен бекітілген тәртіп бойынша қажет ақпараттарды алу;
      3) Азаматтар мен заңды тұлғалармен келісім шартқа отыруға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие болуға, сотта шағымданушы және жауапкер болу;
      4) "Қарабалық ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзыретінің сұрақтары бойынша аудан әкімдігімен және әкіммен қабылданатын нормативтік-құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар енгізу;
      5) аттестациядан өткен тұқым шаруашылығы субъектілерімен көрсетілетін қызметтердің сапасына тексеру жүргізу;
      6) мемлекеттік қызметтің стадарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
      7) мемлекеттік қызмет көрсетудің реті туралы мемлекеттік қызметті тұтынушылардың ақпараттануын қамтамасыз ету;
      8) Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттандыру саласындағы өкілетті органға, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау және мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау бойынша өкілетті органдарға тиісті ақпараттарды ұсынуға;
      9) Президенттің, Үкіметтің және басқа орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ аудан әкімінің және әкімдіктің актілері мен тапсырыстарын сапалы түрде және уақытында орындау;
      10) Қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндеттер мен басқа құқықтарды іске асыру.
      3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру
      18. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқарушылығы "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген тапсырмалар мен өз функцияларын іске асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.
      19. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қарабалық ауданының әкімімен тағайындалады және орнынан босатылады.
      20. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысында Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тағайындалатын және орнынан босатылатын орынбасары болады.
      21. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысы орынбасарының және бөлім жұмысшыларының міндеттерін анықтайды;
      2) бекітілген заңнамалық тәртіпке сәйкес "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысшыларын лауазымға тағайындайды және орнынан босатады;
      3) бекітілген заңнамалық тәртіпке сәйкес тәртіптік жазаға тарту, материалдық көмек көрсету, ынталандыру сұрақтарын шешеді;
      4) сенімхатсыз "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан әрекет етеді;
      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзарақатынастарда "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесін таныстырады;
      6) штаттық кестесін және құрылымын, міндеттер мен төлемдер бойынша "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесін қаржыландыру жоспарын бекітеді, бұйрықтар шығарады және орындауға міндетті тапсырмалар береді.
      7) мекемеде өтетін жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша жұмыс үшін жеке түрде жауапты болады;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа өкілеттіктерді іске асырады.
      "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілетін орындау, оның орнында жоқ болған кезінде, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орынбасарымен жүзеге асырылады.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
      4. Мемлекеттік мекеменің мүлігі
      23. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі оралымды басқару құқығында заңнамада қарастырылған жағдайларда жекеленген мүлікке ие бола алады.
      "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлігі оған жекеменшікпен тапсырылған мүліктің есебінен, оған қоса (қаражат шығындарымен бірге) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен тыйым салынбаған жекеменшік көздерінің және қызметінің нәтижесінде пайда болған мүліктің арқасында қалыптасады.
      24. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық жекеменшікке тиесілі болады.
      25. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, егер басқа мүлік заңнамамамен бекітілмеген болса, оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен мүліктенуге және басқа тәсілдермен мекемеге бекітілген мүлікке иелік етуге, өздігінен қағажытуға құқығы жоқ.
      5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және ыдырату
      26. "Қарабалық ауданы әкiмдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және ыдырату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады