Жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 309 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 8 сәуірде № 5507 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 386 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 29.01.2016 № 386 шешімімен (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабы 1-1-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есе жоғарылатылсын.
      2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есе жоғарылатылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      XIV сессияның төрағасы

В. Сергиенко

      Аудандық мәслихаттың хатшысы

Б. Бекенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады