"Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 мамырдағы № 183 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 маусымда № 5699 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 122 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 25.04.2016 № 122 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығына сәйкес, Федоров ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.А. Байменоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ. Ахметов

  Әкімдіктің
2015 жылғы 26 мамырдағы
№ 183 қаулысымен бекітілген

"Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру
және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

      1. Жалпы ережелер
      1. "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және спорт мәселелерін реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемеде ведомствалық Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі "Федоров аудандық жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бар.
      3 "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөр таңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауылы, Ш.Уәлиханов көшесі, 9а.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттеу кірісіне жіберіледі.
      2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
      функциялары, құқықтары мен міндеттері
      14. "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудандық деңгейде дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету.
      15. Міндеттері:
      1) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;
      2) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;
      3) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру.
      16. Функциялары:
      1) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарын да спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
      2) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi бойынша аудандық спорт жарыстарын өткiзедi;
      3) спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командалар даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
      4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
      5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
      6) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы, спорттық разрядтарын береді;
      7) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;
      8) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін іске асырады;
      9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
      10) Федоров ауданының аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде облыстық жергілікті атқарушы органына ұсынады;
      11) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
      12) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      13) дене шынықтыру және спорт iс-шараларын өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етеді;
      14) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
      14-1) аудандық балалар-жасөспірімдер мектебінің қызметін қамтамасыз етеді;
      15) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      17) Ведомстволардың функциялары:
      1) Жасөспірімдер мен жастар арасында дене тәрбиесін жан-жақты дамыту және денсаулықты нығайтуға бағытталған дене шынықтыру–сауықтыру және тәрбиелік жұмысын жүзеге асыру;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзіреті шегінде өзге де міндеттерді жүзеге асыру;
      18. Құқықтары мен міндеттері:
      1) "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен мүдделерін қорғауын заңнамада белгіленген тәртіппен ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      2) "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктеме беру;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің және басқа да орталық атқарушы органдар, сондай-ақ облыс, аудан әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.
      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
      19. "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      20. "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      21. "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарлары болмайды.
      22. "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының мынадай өкілеттіктері бар:
      1) "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметіне тағайындайды және қызметінен босатады;
      2) "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын қабылдамағаны үшін дербес жауап береді;
      4) ведомствалық мекеменің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне және ведомствалық мекеменің басшыларына заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жазалар қолданады;
      6) мемлекеттік мекеме қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді және бұйрықтар шығарады;
      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемені мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда ұсынады.
      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      4. Мемлекеттік органның мүлкі
      23. "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
      5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
      26. "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады