Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі "2015 - 2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" № 184/6 қаулысына өзгеріс енгізу және 1-қосымшасы 45-тармағының әрекет етуін тоқтата тұру туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 267/9 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 қазанда № 4759 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі "2015 - 2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" № 184/6 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4635 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 тамызда "Сарыарқа самалы", "Звезда Приитрышья" газеттерінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін және әрекет етуі тоқтатылсын:
      көрсетілген қаулының 1-қосымшасының 44-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      "

 
44
0302000 Медбике ісі:
0302033 Жалпы практикадағы медбике
200
125
 

      
      ";
      1-қосымшаның 45-тармағының әрекет етуі 2016 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтата тұрылсын.
      2. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облысы әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Сәдібековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы Д. Тұрғанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады