Павлодар қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 наурыздағы "Павлодар қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 277/5 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 593/10 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 мамырда № 4504 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 391/12 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 10.04.2017 № 391/12 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес, Павлодар қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы" № 273/5 қаулысы негізінде Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 наурыздағы "Павлодар қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 277/5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4359 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 наурызда № 9 "Шаһар" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Павлодар қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережедегі 19-тармақтағы 36-тармақша алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Павлодар қаласының әкімі Б. Бақауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады