Екібастұз қаласы халқының нысаналы топтарына жататын адамдардың 2015 жылға қосымша тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 381/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 сәуірде № 4448 болып тіркелді. Күші жойылды - қолданылу мерзімі өтіп кетуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімі аппарат басшысының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы N 24/1-23/1185 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімі өтіп кетуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімі аппарат басшысының 31.12.2015 N 24/1-23/1185 хатымен).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7-баптарына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбек нарығындағы жағдай мен қолда бар бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      2) елу жастан асқан адамдар;
      3) бір жылдан аса жұмыс істемейтін адамдар;
      4) отбасында бір де бір жұмыс істейтін адамы жоқ тұлғалар;
      5) кадрларды кәсіби даярлау және қайта даярлау курстарынан өткен адамдар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Екібастұз қаласының Әкімі А. Вербняк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады