Ақтоғай ауданында мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 204 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 тамызда № 4652 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 48-бабына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ақтоғай ауданында мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына міндеттелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Батырғұжинов

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "24" шілдедегі
№ 204 қаулысымен
бектіліді

Ақтоғай ауданында мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру
қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар
санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері

р/с

Азаматтар санаты
Жеңілдіктер мөлшері
1
7 жасқа дейінгі балалар
Тегін
2
Көп балалы отбасыларының оқушы-балалары
Тегін
3
Спорт ардагерлері
Тегін
4
Окушылар
Тегін
5
Зейнеткерлер
Тегін
6
Студенттер
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызыметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік

      * Ескертпе: Осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады