Баянауыл ауданы аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 04 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 сәуірде № 4418 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № 15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімінің 11.08.2015 № 15 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғаныс туралы" Заңының 4-бабының 5-тармағы 3) тармақшасына және 48-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 756 қаулысына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Баянауыл ауданының Майқайың кентінде және Сәтбаев, Күркелі, Құндыкөл, Қызылтау, Жаңажол, Жаңатілек, Қаратомар, Бірлік, Ұзынбұлақ ауылдық округтерінде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесінің аудандық аумақтық кіші жүйесі қызметінің төтенше жағдай тәртібі енгізілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.И. Даулетқалиевке жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Н. Күлжан

Об объявлении на территории Баянаульского района чрезвычайной ситуации природного характера

Решение акима Баянаульского района Павлодарской области от 10 апреля 2015 года № 04. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 13 апреля 2015 года № 4418. Утратило силу решением акима Баянаульского района Павлодарской области от 11 августа 2015 года № 15

      Сноска. Утратило силу решением акима Баянаульского района Павлодарской области от 11.08.2015 № 15.
      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 3) пункта 5 статьи 4 и статьей 48 Закона Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года "О гражданской защите", постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2014 года № 756 "Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера" принимаю РЕШЕНИЕ:
      1. Объявить чрезвычайную ситуацию природного характера в Сатпаевском, Куркелинском, Кундыкольском, Кызылтауском, Жанажольском, Жанатилекском, Каратомарском, Бирликском, Узунбулакском сельских округах и в поселке Майкаин Баянаульского района.
      2. Ввести режим чрезвычайной ситуации функционирования районной территориальной подсистемы государственной системы гражданской защиты.
      3. Контроль за исполнением данного решения возложить на заместителя акима района Даулеткалиева А.И.
      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении одного календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким района Н. Күлжан