"Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 125/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 мамырда № 4491 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 417/11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 19.12.2018 № 417/11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімнің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Абушахманов

  Павлодар облысы
Железин ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "19" мамырдағы
№ 125/5 қаулысымен
бекітілген

"Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы, сол сияқты ауданның елді мекендері шекарасында (шегінде) сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
      9. "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140400, Железин ауданы, Железинка ауылы, Квитков көшесі, 7.
      10. "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі- жексенбі.
      11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел архитектуры, градостроительства и строительства Железинского района".
      12. "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар облысы Железин ауданының әкімдігі тұлғасында мемлекет болып табылады.
      13. Осы Ереже "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      14. "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бюджетінен (шығындар сметасы) жүзеге асырылады.
      15. "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      16. "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
      17. "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты ауданның сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы дамыған қызметтер нарығын, халықтың өмір сүруі үшін жағымды жағдай жасау болып табылады.
      18. "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні сәулет, қала құрылысы және құрылыс, және де ауданның елді мекендері шекарасында (шегінде) сумен және жылумен жабдықтау саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын іске асыру болып табылады.
      19. Міндеттері:
      1) құқықтық, консультативтік, ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушылық қызмет;
      2) тиісті аумақта мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүргізу;
      3) ауданның елді мекендерінің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      4) қала құрылысы мақсаттары үшін жер учаскелерін ұсыну, объектілерді және кешеңдерді орналастыру және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылған жағдайларда, мемлекеттік қажеттілік үшін оларды тартып алу бойынша ұсыныстар дайындау;
      5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерін қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау, жобаларды мемлекеттік сараптау аумақтық бөлімшелерімен өзара әрекет жасау;
      6) тиісті деңгейдегі мемлекеттік қала құрылыс кадастрын жүргізу;
      7) ауданда ағымдық құрылысты және абаттандыруды қалыпқа келтіру;
      8) мемлекеттік органдар объектілерін салу, қайта жаңарту;
      9) елді мекендерді дамыту және аумақтарды оңтайлы салу;
      10) отандық құрылыс өнімдерінің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
      11) құрылыс қызметіндегі біріктірілген үрдістерді тереңдету.
      20. Функциялары:
      1) ауданның қала құрылысын жобалаудың (аудандық жоспарлау жобасы) кешенді схемасын, ауданның елді мекендерінің заңнамамен белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
      2) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
      3) құрылыс, аумақты инженерлік дайындау, көріктендіру мен абаттандыру, құрылысы аяқталмаған объектілерді консервациялау, аудандық маңызы бар объектілерді постутилизациялау бойынша кешенді жұмыстар жүргізу мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізу;
      4) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
      5) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) іске асыру;
      6) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешеңдердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;
      7) салу не өзге де қала құрылысын меңгеру үшін жер учаскелерін таңдау, ұсыну, заңнамалық актілермен қарастырылған жағдайларда, мемлекеттік қажеттілік үшін тартып алу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      8) сәулет, қала құрылысы мен құрылыс мәселелері бойынша құқықтық актілер жобаларын әзірлеу және келісу;
      9) ауданның елді мекендерінде құрылыс салу және жоспарлау нормаларын және ережелерін сақтау бойынша жұмыстар жүргізу;
      10) сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру;
      11) аудан аумағында сумен жабдықтау жүйесін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инженерлік-коммуникациялық желілер, ауыл шаруашылығы, абаттандыру, мәдениет, спорт, білім беру объектілері құрылысы және қайта құру;
      12) құрылысы аяқталған объектілерді өткізу және оларды пайдаланатын кәсіпорындар мен ұйымдар балансына тапсыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
      13) орындалған жұмыстарды және көрсетілген қызметтерді келісімшарттық міндеттемелерге сәйкес қабылдауды жүзеге асыру;
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге функцияларды жүзеге асырады.
      21. Құқықтары мен міндеттері:
      1) қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс сұрақтары бойынша ақпараттық-аналитикалық және ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрау және алу;
      3) қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3. "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі"
мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

      22. "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      23. "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Железин ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      24. "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын басқарады және ұйымдастырады және "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындау және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапкершілікте болады;
      2) заңнамаға сәйкес "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олардың міндеттерін айқындайды;
      3) "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің штаттық кестесін бекітеді;
      4) өз құзіретіндегі мәселелер бойынша "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, сондай-ақ нұсқаулар береді;
      5) "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда білдіреді;
      6) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауды, кадрлық қызмет жұмысын және құжаттар айналымын ұйымдастыруды қадағалайды;
      7) "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
      8) "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, сыйақыландыру және үстемақы төлеу мәселелерін шешеді;
      9) "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне заңнамамен белгіленген тәртіпте тәртіптік жаза қолданады;
      10) "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бюджеттік өтінімін дайындауды ұйымдастырады;
      11) "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қолдануға дербес жауапты болады;
      12) "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзіретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      25. "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен аудандық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынастар қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
      26. "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саладағы уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынастар қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
      27. "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

4. "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      28. "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      29. "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі, "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      30. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

5. "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      31. "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      32. "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі қысқартылған кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік коммуналдық меншікте қалады.

6. "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      "Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекетік мекемесінің қарамағында тұрған ұйымдар жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады