Ертіс ауданы бойынша Мүгедектерді қоспағанда дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 22 шілдедегі № 215/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 тамызда № 4661 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шыңықтыру және спорт туралы" Заңының 48 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Мүгедектерді қоспағанда, дене шыңықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері бекітілсін;
      2. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйеде ресми жариялауға жіберілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Б. Шарипов

  Аудан әкімінің
2015 жылғы "22" шілдедегі
№ 215/6 қаулысымен
бекітілді

Ертіс ауданы бойынша Мүгедекетерді қоспағанда
дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе
жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар
санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері


Азаматтар санаты
Жеңілдіктер мөлшері
1.
7 жасқа дейінгі балалар
тегін
2.
Көп балалы отбасыларынан оқушы-балалар
тегін
3.
Балалар үйінен оқушы-балалар
тегін
4.
Спорт ардагерлері
тегін
5.
Оқушылар
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50 % мөлшердегі жеңілдік
6.
Студенттер
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50 % мөлшердегі жеңілдік
7.
Зейнеткерлер
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50 % мөлшердегі жеңілдік

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады