"Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі жөніндегі Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 43/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 наурызда № 4389 болып тіркелді. Жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 02 сәуірдегі № 83/3 қаулысымен

      Ескерту. Жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 02.04.2015 № 83/3 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Качир ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі жөніндегі Ереже бекітілсін.
      2. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қолдансын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ж. Шұғаев

  Качир ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "26" ақпандағы
43/2 қаулысымен бекітілді

"Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде басшылық ететін, дене тәрбиесі және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және бұрыштамасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында есеп-шоттары бар.
      5. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.
      6. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес өкілеттілігі болған жағдайда мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапынан сөз сөйлеуге құқығы бар.
      7. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте өз құзыретіндегі мәселелер бойынша "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының ресімделетін бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да актілерімен шешім қабылдайды.
      8. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140600, Качир ауданы, Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 230.
      10. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
      11. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел физической культуры и спорта Качирского района".
      12. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Качир ауданы әкімдігі ретінде мемлекет болып табылады.
      13. Осы Ереже "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      14. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қаржыландыру қызметі жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      15. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік мекеменің міндеттері болып табылатын кәсіпкерлік субъектілермен "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттерін орындау барысында келісімшарттық қарым-қатынас орнатуға тыйым салынады.
      Егер "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметтерді жүзеге асыру құқығы берілсе онда бұл қызметтерден түскен табыстар мемлекеттік бюджетке бағытталады.

2. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызмет нысаны,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауданның атқарушы органдарының біріңғай жүйесіне кіреді және өз құзыреті шегінде дене тәрбиесі мен спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік органы болып табылады.
      17. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты Качир ауданының аумағында дене тәрбиесі және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
      18. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызмет нысаны Качир ауданының аумағында дене тәрбиесі және спортты дамыту мәселелерінде мемлекеттік саясатты аудандық деңгейде жүзеге асыру болып табылады.
      19. Міндеттері:
      1) дене тәрбиесі және спорт жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын, оларды дамыту бойынша перспективалық, ағымдық, нысаналы бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және жүзеге асыру;
      2) дене тәрбиесі және спортты дамыту саласында аудан ұйымдарының бірлестіктерінің, мекемелері мен кәсіпорындарының қызметін басқару;
      3) аудандық бұқаралық-спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын жоспарлау және өткізу;
      4) спорт түрлері бойынша ауданның құрама командаларын жасақтау, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу үшін жаттығулар өткізу;
      5) дене тәрбиесі және спорт мәселелері жөнінде конференциялар, төрешілік жиналыстары мен семинарларын өткізу;
      6) жеке спортшыларды және ауданның құрама командалары мүшелерін дайындау және олардың облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуларын қамтамасыз ету болып табылады.
      20. Функциялары:
      1) дене тәрбиесі және спортты дамытудың аудандық жоспарларын әзірлейді және жүзеге асырады;
      2) жеке тұлғалардың тұрғылықты мекенжайы бойынша және олардың бұқаралық демалыс орындарында спортпен айналысу үшін инфрақұрылы-мын жасайды;
      3) спорт түрлері бойынша аудандық жарыстар өткізеді;
      4) спорт түрлері бойынша ауданның құрама командасын дайындауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;
      5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;
      6) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында аудандық дене шынықтыру-спорттық ұйымдардың қызметін үйлестіреді;
      7) спортшыларға спорттық дәрежелерді береді: 2 дәрежелі спортшы, 3 дәрежелі спортшы, 1 жасөспірім дәрежелі спортшы, 2 жасөспірім дәрежелі спортшы, 3 жасөспірім дәрежелі спортшы;
      8) біліктілік санаттарын береді: екінші санаттағы біліктілігі бар жоғары деңгейлі жаттықтырушы, екінші санаттағы біліктілігі бар орта деңгейлі жаттықтырушы, екінші санаттағы біліктілігі бар жоғары деңгейлі әдіскер, екінші санаттағы біліктілігі бар орта деңгейлі әдіскер, екінші санаттағы біліктілігі бар жоғары деңгейлі нұсқаушы-спортшы, спорттық төреші;
      9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізеді үйлестіреді;
      10) облыстың жергілікті атқарушы органына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген нысан мен мерзімде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында дене тәрбиесі және спортты дамыту бойынша ақпаратты жинау, талдау және ұсынуды жүзеге асырады;
      11) ресми дене шынықтыруды және спорттық шараларды медициналық қамтамыз етуді ұйымдастырады;
      12) дене шынықтыру және спорттық шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
      13) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді;
      14) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қызметін қамтамасыз етеді;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      21. Құқықтары мен міндеттері:
      "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы Ережеде қарастырылған өкілеттілікті жүзеге асыру үшін:
      1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан мемлекеттік мекеменің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша қажетті ақпараттарды, құжаттарды және өзге де материалдарды өтеусіз негізде сұрауға және алуға;
      2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ұйымдастырушылық қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарды Качир ауданы әкімдігінің және әкімінің қарауына енгізуге;
      3) келісімшарттар жасауға;
      4) қолданыстағы заңнамалық актілермен қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
      "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттеріне:
      1) мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау жұмыстарын жүзеге асыру және оларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын жүзеге асыру, ауданның мемлекеттік органдары жүйесінде кадрлардың біліктілігін арттыру;
      3) қолданыстағы заңнамалық актілермен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру жатады.

3. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқару "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттері және өз функциясындағы міндеттерінің орындалуына дербес жауап беретін бірінші басшымен жүзеге асырылады.
      23. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Качир ауданының әкімімен лауазымға тағайындалады және одан босатылады.
      24. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі бөлім басшысының өкілеттілігі:
      1) "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені Качир ауданы әкімдігіне бекітуге ұсынады;
      2) Заңдардың, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, аудан және облыс әкімдігінің қаулыларын орындау жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру, жоғары тұрған органдарды олардың орындалу барысы жөнінде жүйелі ақтараттандырады;
      3) басшының бұйрықтарын шығарады;
      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;
      5) "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін уәкіл етеді;
      7) заңнамамен қарастырылған жағдайда және шамасына қарай мүлікке иелік етеді;
      8) заңнамада қарастырылған тәртіпте келісімшарт жасасады;
      9) сенімхаттар береді;
      10) "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің актілеріне қол қояды;
      11) ведомстволық мемлекеттік ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және босатады, Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталған тәртіпте оларды аттестациядан өткізеді;
      12) "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      13) "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлердің міндеттерін және функцияларын белгілейді;
      14) "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне және ведомстволық ұйымдардың басшыларына сыйақы мөлшерін беруді және тәртіптік жаза салуды қолданады;
      15) "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
      16) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      25. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының жоқ уақытында өкілеттілікті орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орынбасары жүзеге асырады.
      26. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық меншікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы органмен) арасындағы қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      27. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті салаға сәйкес уәкілетті орган (жергілікті атқарушы органмен) арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      28. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық келісімшартқа сәйкес реттеледі.

4. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      29. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі жекешелендірілген мүлікті заңнамада қарастырылған жағдайда жедел басқару құқығында иеленуге болады.
      "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі меншік иесі берген мүлік есебінен, сонымен бірге (ақшалай табысты қосқанда) Қазақстан Республикасы заңнамасында тыйым салынбаған қызмет және басқа да көздер нәтижесінде сатып алудан қалыптасады.
      30. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналды меншікке жатады.
      31. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басқа да заңнамада белгіленбеген қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен иеленуге немесе иелігінен шығаруға құқығы жоқ.

5. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесін қайта құру және жою

      32. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемені қайта құру және жою жүзеге асырылады.
      33. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемені жою кезінде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.

6. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізімі

      34. "Качир ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағында мына ұйымдар бар:
      Качир ауданы әкімдігінің, Качир ауданы дене тәрбиесі және спорт бөлімі "Качир ауданының балалар - жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады