"Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 110/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 мамырда № 4489 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 1-12/160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 04.07.2017 № 1-12/160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қолдансын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ж.Қасымоваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Жанғазинов

  Павлодар облысы
Лебяжі ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "20"мамырдағы
№ 110/5 қаулысымен
бекітілді

"Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бюджетті орындау, бухгалтерлік есепті және мүлікпен жекешелендіруге мемлекет құқығын жүзеге асыру және жергілікті бюджетті атқару жөніндегі бюджеттік есептілікті жүргізу салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

      8. "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

      9. "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140700, Лебяжі ауданы, Аққу ауылы, Вс.Иванов көшесі, 98.

      10. "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

      11. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, государственное учреждение "Отдел финансов Лебяжинского района".

      12. Мемлекет Лебяжі ауданының әкімдігі тұлғасында "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      13. Осы Ереже "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектілерімен "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

2. "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен мiндеттерi

      16. "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы аудандық коммуналдық меншігімен қаржыны басқару саласында мемлекеттік саясатты жетілдіруіне және дамуына ықпал жасау болып табылады.

      17. "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты аудандық коммуналдық меншікті басқару және аудандық бюджеттің орындалу мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты аудан деңгейде іске асыруы болып табылады.

      18. "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметтік мәні бюджеттік қатынастар және коммуналдық меншігі саласында мемлекеттік саясатты аудандық деңгейде жүзеге асыру болып табылады.

      19. Міндеттері:

      1) Лебяжі ауданы аумағында бюджетті орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      2) аудандық коммуналдық меншікті басқару;

      3) жергілікті бюджетті орындау бойынша бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізу;

      4) аудан бюджетінің орындау мониторингі, орындалуы туралы есепті дайындау;

      5) Лебяжі ауданында бюджетті орындау бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

      6) Лебяжі ауданының коммуналдық мемлекеттік меншігі қатынасындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

      7) Лебяжі ауданы аумағында мемлекеттік сатып алу үдерісінің мониторингісін жүзеге асыру.

      20. Функциялары:

      1) Аудандық бюджеттің орындалуын талдау, аудандық бюджет жобасының негізгі көрсеткіштерін анықтайды;

      2) бюджетті орындау саласында әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

      3) жергілікті бюджеттің міндеттері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, төлемдер бойынша қаржыландыру мен түсімдердің жиынтық жоспарының жасалуын бекіту және оның жүргізуін құру;

      4) жылдық сомаларды қоса алғанда, міндеттер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, төлемдер бойынша қаржыландыру мен түсімдердің жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

      5) бюджеттік мониторинг жүргізеді, бюджеттік мониторинг нәтижесі бойынша аудан бюджетінің орындалуы туралы аналитикалық есепті қалыптастырады;

      6) мемлекеттік органдардың бюджеттік қаражатын басқарудың тиімділігінің бағалауын жүзеге асырады;

      7) мемлекеттік органдардың бюджеттік қаражатын басқару тиімділігін бағалау нәтижесі туралы қорытынды жасайды;

      8) жергілікті бюджетті орындау туралы есеп жасайды;

      9) тауарларды (жұмыс, қызмет көрсету) іске асырудан ақшалай қаражаттың шығындары мен түсімдердің жоспарын орындау, аудан бюджеті бойынша қайырымдылық пен демеушілік көмектен түскен ақшалай қаражаттын шығындары мен түсімдері туралы есептерді жасайды;

      10) аудан бюджетінің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есептерді жасайды;

      11) жергілікті атқарушы органы резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімдігінің жобаларына қорытынды жасайды;

      12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, жергілікті бюджеттен қарастырылған қаражат есебінен жергілікті атқарушы органның қарызын өтейді және қызмет көрсетеді;

      13) жоғарыдағы бюджеттен ұсынылған бюджеттік несие мониторингі мен есебін жүргізеді және оны тіркейді;

      14) жергілікті атқарушы органның қаражатын пайдалануы бойынша есеп пен талдау жүргізеді;

      15) мемлекеттің қатысуымен коммуналдық заңды тұлға мен заңды тұлғаның реестрін жүргізуді қамтамасыз етеді;

      16) коммуналдық мүлік реестрін түзетеді және толықтыруды қамтамасыз етеді;

      17) аудандық коммуналдық мүлік есебін ұйымдастыру және оның тиімді қолдануын қамтамасыз етеді;

      18) егер басқалары Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      19) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізеді;

      20) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субьектілерінің меншігіне кейінен сатып алу құқығымен немесе кейінен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалға (жалдауға), сенімгерлік басқаруға береді;

      21) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;

      22) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, мүліктік жалға (жалдауға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

      23) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру обьектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру обьектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      24) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      21. Құқықтары мен міндеттері:

       мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың келісімі бойынша белгіленген тәртіпте "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындаумен байланысты мәселелер бойынша ақпаратты сұрату және алу;

       жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тарту;

       "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін мемлекеттік органдарда, сотта өкілдік ету;

       өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасау;

       Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметiн ұйымдастыру

      22. "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      23. "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес Лебяжі ауданының әкімімен қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.

      24. "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

      "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады;

       Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

       Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін мадақтайды, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

       "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің барлығы орындауға міндетті өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

       барлық мемлекеттік органдарда соттарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;

       "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, өзге де мекемелерде бөлім мүдделерін білдіру құқығына сенімхаттарды береді;

       өз құзіретінің шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;

       сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;

       Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

      "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      25. "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      26. "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      27. "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

4. "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi

      28. "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

      "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырлады.

      29. "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру
және тарату (қысқарту)

      31. "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      32. "Лебяжі ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қысқартылған (таратылған) кезде, несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады