Май ауданы Майтүбек ауылының көшелерінің атауларын қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май ауданы Майтүбек ауылы әкімінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 01 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 қаңтарда № 4901 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2–тармағына, "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14–бабы 4) тармақшасына сәйкес, Майтүбек ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2015 жылғы 2 желтоқсандағы Павлодар облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде Майтүбек ауылының әкімі ШЕШТІ:
      1. Май ауданы Майтүбек ауылының көшелерінің атаулары:
      "Ленин" көшесі "Бауыржан Момышұлы" көшесі;
      "Береговая" көшесі "Әлия Молдағұлова" көшесі;
      "Комсомольская" көшесі "Мәншүк Мәметова" көшесі;
      "Степная" көшесі "Серікбай Мүткенов" көшесі болып қайта аталсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      Ауыл әкімі А. Темиргалинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады