Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін мәртебесінен айыру және оларды жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастау туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 1/12 қаулысы. Алматы қаласының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 ақпанда № 1125 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 1/191 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 17.03.2021 № 1/191 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Заңының 18 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 1032 "Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру және одан айыру ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесінен айырылсын және олар жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарылсын.

      2. Алматы қаласының Мәдениет басқармасы осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары З. Аманжолова жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Алматы қаласының әкімі

А. Есімов


  Алматы қаласы әкімдігінің
  2015 жылғы 14 қаңтардағы
  № 1/12 қаулысына қосымша

Алматы қаласындағы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарылып тасталынған және тарих және мәдениет ескерткіш мәртебесінен айырылған, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімі

р/н

Ескерткіштің атауы

Ескерткіштің түрі

Ескерткіштің мекенжайы

1.

"Көкқайнар-3" қорған

қорымы (4)

археология

"Көкқайнар" ықшам ауданынан 0,5 километр солтүстік - батысқа қарай, биіктеген платода

(N-43018'176, E-076050'164)

2.

Қорған (апатты)

археология

Құрылысшы ықшам ауданының солтүстік бөлігі, Тереңқара мен Ащыбұлақ өзендерінің арасындағы мүйіс

(N-43016'587, E-076052'362)

3.

Қорған қорымы (3)

археология

Ремизовканың төменгі бөлігі, радиоантенна ауданындағы зираттан 500 метр оңтүстік-батысқа қарай

(N-43012'19,2'', E-076055'13,4'')

4.

Қорған (апатты)

археология

"Көкқайнар" ықшам ауданынан 0,7 километр оңтүстік-батысқа, жолдың солтүстігінде

(N-43017'047'', E-076049'565)

5.

Бұтақты-1 қонысы

(Бұтақты-1

археологиялық

кешені)

археология

Медеу жолының 9 километр, "Көпір" аялдамасынан Бұтақты шатқалына қарай 300 метр шығыста

(N-43012'09, E-58094'1)

6

Қалалық әуевокзал

ғимараты.

Сәулетшілер

А. Котов,

И. Шевелева,

А. Леппик.

қала құрылысы

және сәулет

Жібек жолы көшесі, 111


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады