Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" 2010 жылғы 2 наурыздағы № 1/144 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 1/121 қаулысы. Алматы қаласының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 наурызда № 1145 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» 2010 жылғы 2 наурыздағы № 1/144 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 839 болып тіркелген, 2010 жылғы 20 наурыздағы «Вечерний Алматы» газетінің № 36 санында және 2010 жылғы 18 наурыздағы «Алматы ақшамы» газетінің № 33 санында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
      2. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы осы қаулыны интернет-ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі              А. Есімов

Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы «24» ақпандағы
№ 1/121 қаулысына қосымша

Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі:

      1. Колледждерді және кәсіптік лицейлерді бітірушілер.
      2. Ұзақ уақыттан бері (алты және одан да көп ай) жұмыс істемейтін тұлғалар.
      3. Елу жастан асқан адамдар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады