Алматы қаласының көшесіне атау беру туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 3/504 және Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 09 тамыздағы № 361 бірлескен қаулысы және шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 қыркүйекте № 1203 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13-бабының 4) тармақшасына cәйкес, Aлматы қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Aлматы қаласы ономастика комиссиясының 2014 жылғы 15 қыркүйектегі № 3 хаттамасының, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2014 жылғы 30 қыркүйектегі қорытындысы негізінде, Aлматы қаласының әкімдігі ҚAУЛЫ ЕТЕДІ және V сайланған Aлматы қаласы мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Aлматы қаласы Бостандық ауданының Мұстафин көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысынан оңтүстік бағытқа кететін атауы жоқ көшеге (2000 м.) Тоқмұхамед Садықовтың есімі берілсін.
      2. Aлматы қаласы Бостандық ауданының әкімі, «Aлматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы», «Aлматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы», «Aлматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері осы қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Aлматы қаласы мәслихатының аппараты осы қаулы мен шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Aлматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Н. Мулюковаға және Aлматы қаласы әкімінің орынбасары З. Aманжоловаға (келісім бойынша) жүктелсін.
      5. Осы Aлматы қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Aлматы қаласының әкімі               A. Есімов

      V сайланған Aлматы қаласы
      мәслихатының кезектен тыс
      ХLII сессиясының  төрағасы,
      мәслихат хатшысы                   Қ. Қазанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады