Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 42 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 наурызда N 3155 болып тіркелді

      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 13-бабының 1-1-тармағы 6-2) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берiлiп отырған Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттары бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Солтүстік Қазақстан облысының
      әкімі

Е. Сұлтанов


Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 42 қаулысымен бекітілген

Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттары

1. Жалпы ережелер

      1. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттары (бұдан әрі – Тәртіп) "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрленген.
      2. Осы Тәртіпте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) автомобиль жолы – автомобильдердiң және басқа да көлiк құралдарының белгiленген жылдамдықпен, жүктемелермен, габаритпен үздiксiз, қауiпсiз жүрiсiн қамтамасыз ететiн, автомобильдер жүрiсiне арналған инженерлiк құрылыстар кешенi, сондай-ақ осы кешендi орналастыру үшiн берiлген жер учаскелерi (көлiк жерлерi) және олардың үстiндегi белгiленген габарит шегiндегi әуе кеңiстiгi;
      2) автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттік автомобиль жолдарын басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы.
 

2. Сыныптау тәртiбi және шарттары

      3. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жiктеу жол қозғалысының геометриялық параметрлерi мен есептiк қарқындылығына байланысты автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын пайдалануға қабылдаған күннен бастап жиырма күннiң iшiнде жергiлiктi атқарушы орган автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тiзбесiне автомобиль жолын енгiзудi келiсуге материалдар жiберуге мiндеттi.
      5. Жiберiлетiн материалдар мыналарды қамтиды:
      автомобиль жолы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пайдалануға қабылданғанын растайтын құжаттарды: Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамаға сәйкес сәулет-құрылыс бақылау туралы заңнамада белгіленген немесе мүлікті қабылдау-тапсыру акті тәртібінде салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясы акті нысанында;
      автомобиль жолының атауы мен индексi;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкс жергілікті орган бекіткен облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тiзбесi.
      6. Автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган ұсынылған құжаттарды жиырма күннiң iшiнде қарайды. Автомобиль жолын кейiннен облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзу үшiн жергiлiктi атқару органына жазбаша келiсiм жiберiледi.
      Автомобиль жолын облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзу үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға келiсуге материалдар толық мәлiметтерсiз және/немесе осы тармақта көзделген құжаттарсыз ұсынылған жағдайда барлық кемшiлiктердi жою үшiн өтiнiштi қайтарады.
      7. Осы Тәртіппен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады