Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ақжарқын ауылдық округі Ащыкөл ауылының аумағында ірі қара мал бруцеллезі бойынша шектеу іс-шараларын алып тастау туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ақжарқын ауылдық әкімінің аппаратының 2015 жылғы 2 желтоқсандағы N 2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 желтоқсанда N 3510 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Ақжар ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 06-29-112 ұсынысы негізінде Ақжарқын ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ақжарқын ауылдық округі Ащыкөл ауылының аумағында ірі қара мал бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары алып тасталсын.
      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ақжарқын ауылдық округі Ащыкөл ауылының аумағында ірі қара мал бруцеллезіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ақжарқын ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 3 шілдедегі № 6 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2014 жылғы 31 шілдедегі № 2887 тіркелген, 2014 жылғы 8 тамыздағы №31 "Ақжар-хабар" және №31 "Дала Дидары" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
       3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
       4. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округ әкімі М. Қалиев

О снятии ограничительных мероприятий по бруцеллезу крупного рогатого скота на территории села Ащиголь Акжаркынского сельского округа Акжарского района Северо-Казахстанской области

Решение аппарата акима Акжаркынского сельского округа Акжарского района Северо-Казахстанской области от 2 декабря 2015 года N 2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 22 декабря 2015 года N 3510

      В соответствиии с пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", с подпунктом 8) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора Акжарского района от 27 ноября 2015 года № 06-29-112, аким Акжаркынского сельского округа РЕШИЛ:
      1. Снять ограничительные мероприятий по бруцеллезу крупного рогатого скота на территории села Ащиголь Акжаркынского сельского округа Акжарского района Северо-Казахстанской области.
      2. Признать утратившим силу решение акима Акжаркынского сельского округа Акжарского района Северо-Казахстанской области от 3 июля 2014 года № 6 "Об установлении ограничительных мероприятий по бруцеллезу крупного рогатого скота на территории села Ащиголь Акжаркынского сельского округа Акжарского района Северо-Казахстанской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2887 от 31 июля 2014 года, опубликовано 8 августа 2014 года в газетах "Акжар хабар" №31, "Дала дидары" №31).
      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким сельского округа М. Калиев