Есіл ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 71 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 наурызда N 3178 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы N 262 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 10.08.2015 N 262 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабы 1) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50–тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Есіл ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеудің қоса берілген Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қантардан бастап құқықтық қарым-қатынасқа таралады.
      Аудан әкімі М.Әбішев

  Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 71 қаулысымен бекітілді

Есіл ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлеме есебінің Қағидасы

      1. Есіл ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға ) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлеме есебінің осы Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидаларының 50 – тармағына сәйкес әзірленді және Есіл ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлеме есебінің тәртібін айқындайды.
      2. Заңды тұлғалардың қалалық коммуналдық теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын емес қорының объектілерін мүліктік жалға беру кезіндегі жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу құрылыс түрін, тұрғын емес қорының түрін, жайлылық дәрежесін, аумақтық орналасуын, жалдаушының қызмет түрін, ұйымдастырушылық-құқықтық үлгісін есепке алатын базалық мөлшерлеме және қолданылатын коэффициенттердің негізінде осы Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес анықталады және келесі формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ап = Рбс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
      мұнда:
      Ап – аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін жалдау ақысының мөлшерлемесі жылына;
      Рбс – 1 шаршы метр үшін мүліктік жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі, теңге жылына;
      S – жалданатын алаң, шаршы метр, ғимаратта бөлмелердің бөлігін жалдауды есептеу кезінде мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін алаңның 25% көлемінде осы алаңдарды жалдаушымен ортақ пайдаланылатын орындарға рұқсат етілетіндерді есепке алу қажет;
      Кт - құрылым түрін ескеретін коэффициент;
      Кк – тұрғын емес жай түрін ескеретін коэффициент;
      Кск - үй-жайдың жайлылығын ескеретін коэффициент;
      Кр – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
      Квд - жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
      Копф – ұйымдастыру – құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
      3. 2 қосымшаға сәйкес мемлекеттік тұрғын емес қорының объектілерін қоспағанда, көлік құралдарын, жабдықтарды және басқа да аудандық коммуналдық меншік мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру ақысын есептеу.
      Мемлекеттік тұрғын емес қорының объектілерін қоспағанда, көлік құралдарын, жабдықтарды және басқа да аудандық коммуналдық меншік мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) берудің жылдық ақысы төмендегідей болып белгіленеді:
      Ар = С х К1 х К2,
      мұнда Ар –жалдау ақысының жылдық мөлшерлемесі;
      С – жалдаудың жылдық базалық мөлшерлемесі, тең қолданылады С=(Sбал.* Nаморт.),
      мұнда:
      S бал. - тапсырылатын объектінің бастапқы құны;
      N аморт. - жылдық тозу нормасы, Қазақстан Республикасы Салық кодексіне сәйкес тіркелген активтер амортизацияларының шекті нормалары негізінде анықталады.
      К1 - Пайдалану мерзімін ескеретін коэффициент
      К2 - Пайдалану жағдайын ескеретін коэффициент
      4. Коэффициент кестеде болмаған жағдайда, 1,0-ге тең коэффициент қабылданады.

  Есіл ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу Қағидаларына 1 қосымша

Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалға беру (жалдау) кезіндегі құрылыс түрін, тұрғын емес қорының түрін, жайлылық дәрежесін, аумақтық орналасуын, жалдаушының қызмет түрін, ұйымдастырушылық-құқықтық үлгісін есепке алатын базалық мөлшерлеме және қолданылатын коэффициенттердің көлемі

№ п/п
Базалық мөлшерлеме
 
Әкімшілік - аумақтық бірлік
Базалық мөлшерлеме мөлшері
1
Есіл ауданы
сәйкес жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген 1,5 айлық есептік көрсеткіші
№ п/п
Коэффициент түрлері
Коэффициент мөлшері
1
Құрылым түрін ескеретін коэффициент (Кт):
 
1.1 кеңселік
1,0
1.2 өндірістік
0,8
1.3 қойма, гараж, қазандық
0,6
1.4 спорт ғимараттары (стадиондар, спорт залдар)
0,7
2
Тұрғын емес жай түрін ескеретін коэффициент (Кк)
 
2.1 жеке тұрған құрылыс
1,0
2.2 қосымша - жапсырмалы бөлігі
0,9
2.3 цоколь (жартылай жертөле) бөлігі
0,7
2.4 жертөле бөлігі
0,6
2.5 ғимараттағы жай
1,0
3
Жайлылығын ескеретін коэффициент (Кск)
 
3.1 барлық инженерлік-техникалық құрылғыларымен бөлме үшін (электр энергиясы, канализация, сумен жабдықтау, жылыту) қандай да бір коммуникация түрлері болмаған жағдайда, әрбір жоқ түрге 0,1 азаяды
1,0
4
Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Кр):
 
 
4.1 аудан орталығы үшін
1,0
 
4.2 селолық елді мекендер үшін
0,5
5
Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Квд):
 
 
5.1 брокер қызметі және кеден қызметі үшін, қызметтері құнды қағаздар рыногымен байланысты, айырбастау пункттері мен ұйымдар, сақтандыру, инвестициялау компаниялары, нотариалдық контора, адвокат конторалары үшін
3,0
5.2 банктердің есеп айырысу-кассалық орталықтары, "Казпочта" АҚ үшін
2,0
5.3 тренажер залдары, фитнес - клуб, техникалық қызмет көрсету станция, шеберхана жұмыстарын ұйымдастыру үшін
2,0
5.4 қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй қызметтері, сауда немесе сауда - саттық қызметтерін ұйымдастыру үшін
2,0
5.5 оқу орындарында қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру үшін
0,5
5.6 білім саласындағы көрсетілелін қызметтер үшін (балалар үшін мектептен тыс, үйірме, компьютерлік сыныптар), балалар мен жасөспірімдер үшін дене тәрбиесі және спорт, денсаулық сақтау және мәдениет
1,0
5.7 өндірістік қызметтер үшін
2,0
5.8 гараж, қойма, сақтау камералары
2,0
 
5.9 басқалар
1,5
6
Жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф):
 
 
6.1 сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін
0,9
 
6.2 қайырымдылық және қоғамдық ұйымдар, коммерциялық емес ұйымдар үшін
0,5
 
6.3 қалғандары үшін
0,9

  Есіл ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу Қағидаларына 2 қосымша

№ п/п
Коэффициент түрі
Коэффициент мөлшері
1
Пайдалану мерзімін ескеретін коэффициент К1:
 
 
Автокөлік құралдары:
- 1 жылдан 5 жылға дейін пайдаланылғанда
- 5 жылдан артық пайдаланылғанда
1,2
1,0
 
жабдықтар және басқа мүлік:
- 1 жылдан 7 жылға дейін пайдаланылғанда
- 7 жылдан артық пайдаланылғанда
1,2
1,0
2
Пайдалану жағдайын ескеретін коэффициент К2:
 
 
Автокөлік құралдары, жабдықтар және басқа мүлік:
- аудан орталығы аумағында пайдаланылғанда
- ауданның басқа аумақтарында пайдаланылғанда
1,4
1,0

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады