"Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 253 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 3295 болып тіркелді

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16 - бабының 3-тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Атырау облысы әкiмдігінің 2014 жылғы 14 мамырдағы № 138 "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2929 тіркелген, 2014 жылы 21 маусымда "Атырау" газетінде жарияланған) және 2014 жылғы 29 тамыздағы № 267 "Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 мамырдағы № 138 "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3009 тіркелген, 2014 жылы 21 қазанда "Атырау" газетінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Т.Ә. Шәкімовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 529 "Автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" бұйрығы қолданысқа енгізілуінен бұрын емес.
      Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов

  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "14" тамыздағы № 253 қаулысына қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "14" тамыздағы № 253 қаулысымен бекітілген

"Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі- мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Атырау облысының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі- мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді:
      1) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде – "Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесімен;
      2) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде - Атырау облысының аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерімен.
      2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);
      3) www.e.gov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі-облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға паспорт (бұдан әрі – паспорт). Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және мемлекеттік қызметті беруші басшысының мөрімен және қол қоюымен куәландырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚКО-на жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылды) бастау үшін негіз Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі "Автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" № 529 бұйрығымен бекітілген "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1–қосымшасына сәйкес өтініш болып табылады;
      порталға жүгінген кезде: көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдайды, құжаттардың Стандарттың 9-тармағына сәйкестігіне тексеру жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Стандарттың 2 қосымшасына сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. Егер құжаттар көрсетілген талаптарға сәйкес келсе, онда көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған құжаттарды қабылдау күні мен уақыты, құжаттарды қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қою және жауапты орындаушыны белгілеу үшін 15 (он бес) минут ішінде жібереді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын 1 (бір) сағат ішінде белгілейді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды зерделейді және паспорт дайындайды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына 3 (үш) жұмыс күні ішінде қол қоюға жібереді;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы паспортқа қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне 1 (бір) сағат ішінде жібереді;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға 15 (он бес) минут ішінде береді.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      8. Рәсімдердің (іс-қимылдың) сипаттамасы осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет Регламентінің 1-қосымшасында берілген, "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. ХҚКО арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша қадамдық әрекеттер мен шешім (ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге жұмылдырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының №1 диаграммасы осы Регламенттің 3-қосымшасында келтірілген):
      1) көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес ХҚКО операторына қажетті құжаттар мен өтініш береді, ол электрондық кезек жолымен "кедергісіз қызмет көрсету" арқылы операциялық залда 2 (екі) минут ішінде жүзеге асырылады;
      2) 1 процесс - ХҚКО операторының мемлекеттік қызметті көрсету үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының Біріктірілген ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ХҚКО БАЖ) логин мен парольді енгізуі (авторландыру процесі) 1 (бір) минут ішінде;
      3) 2 процесс – ХҚКО операторының мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, экранға қызмет көрсетуге арналған сұрау салу нысанын шығару және ХҚКО операторының көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ қызмет алушы өкілінің сенімхаты бойынша деректерін (нотариалды куәландырылған сенімхат болғанда, сенімхатты өзге де куәландыру кезінде – сенімхаттың деректері толтырылмайды) 2 (екі) минут ішінде енгізу;
      4) 3 процесс – "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне (бұдан әрі- СН ұлттық тізілімі) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы тексеруге сұрау салуды 2 (екі) минут ішінде жіберу;
      5) 1 шарт – СН ұлттық тізілімінде көрсетілетін қызметті алушы деректерін 1 (бір) минут ішінде тексеру;
      6) 4 процесс – СН ұлттық тізілімінде көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкіндігінің болмауы туралы хабарламаны 2 (екі) минут ішінде қалыптастыру;
      7) 5 процесс – ХҚКО операторының электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) ЭҮШ арқылы "Е –лицензиялау" сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Е –лицензиялау" СН ҰТ АЖ) 2 (екі) минут ішінде жіберу;
      8) 6 процесс –электрондық құжатты "Е –лицензиялау" СН ҰТ АЖ –да 2 (екі) минут ішінде тіркеу;
      9) 2 шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың сәйкестігін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіздерді 2 (екі) минут ішінде тексеруі (өңдеуі);
      10) 7 процесс – көрсетілетін қызмет алушының құжаттарындағы бұзушылықтарға байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны 2 (екі) минут ішінде қалыптастыру;
      11) 8 процесс – көрсетілетін қызметті алушының ХҚКО арқылы "Е –лицензиялау" СН ҰТ АЖ қалыптастырған қызмет нәтижесін 3 (үш) жұмыс күні ішінде алуы (паспорт алуы).
      10. Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша қадамдық әрекеттер мен шешім (портал арқылы электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметке жұмылдырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы осы Регламенттің 3-қосымшасында келтірілген):
      1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі-ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - БСН), сондай-ақ парольдің (порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін жүзеге асырылады) көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады;
      2) 1 процесс – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда ЖСН/БСН мен парольді енгізуі (авторландыру процесі);
      3) 1 шарт – порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын ЖСН/БСН мен пароль арқылы тексеру;
      4) 2 процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректеріндегі бұзушылықтарға байланысты порталдың авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
      5) 3 процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, экранға қызмет көрсетуге арналған сұрау салу нысанын шығару және көрсетілетін қызметті алушының нысанды оның құрылымдық және форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың қажетті көшірмелерін электрондық түрде бекіту, сондай-ақ сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу кәлігін таңдауы;
      6) 2 шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестігін тексеру;
      7) 4 процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 5 процесс – электрондық құжатты (қызмет алушының сұрау салуын) "Е –лицензиялау" СН ҰТ АЖ-де тіркеу және сұрау салуды "Е –лицензиялау" СН ҰТ АЖ-де өңдеу;
      9) 3 шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың және мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіздердің сәйкестігін тексеруі;
      10) 6 процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарындағы бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      11) 7 процесс – көрсетілетін қызметті алушының портал қалыптастырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны) алуы. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға ("жеке кабинетке") жіберіледі.

  "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы


  "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2- қосымша

"Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


      *ҚФБ – құрылымдық - функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталығының, "электрондық үкімет" веб-порталының өзара іс-қимылы;
      


  "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша

ХҚКО арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге жұмылдырылған ақпараттық жүйелердің функционалды өзара іс-қимылының № 1 диаграммасы


Электрондық портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке жұмылдырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының № 2 диаграммасы


Шартты белгілер:


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады