Бiлiм беру және мәдениет саласындағы мамандарға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 269 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 сәуірде № 3182 болып тіркелді

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 18 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына сәйкес, Атырау қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       Қалалық бюджетінің қаражат есебінен, азаматтық қызметші болып табылатын және елді мекендерде жұмыс iстейтiн бiлiм беру және мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелері белгіленсін.
       Осы шешімнің орындалуын бақылау тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жастар және спорт ісі, әйелдер істері және отбасылық–демографиялық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Б. Шеркешбаева).
       Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.
      ХХХІІ сессия төрағасы А. Тасимов
      Қалалық мәслихат хатшысы Б. Қазиманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады