Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Атырау облысы Атырау қаласы әкімінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 21 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 мамырда № 3205 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағы 13)-тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 4-бабының 3-тармағы 2)-тармақшасына және 48-бабына, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, Атырау қалалық әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2015 жылғы 12 мамырдағы № 2 хаттамасы негізінде, Атырау қаласы аумағында қалыптасқан жағдайға байланысты елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында, Атырау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Атырау қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қалалық аумақтық кіші жүйесі жұмыс істеуінің төтенше жағдай режимі енгізілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ә. Зайдуллинге жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Н. Ожаев

Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба

Решение акима города Атырау Атырауской области от 12 мая 2015 года № 21. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 13 мая 2015 года № 3205

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 2) пункта 3 статьи 4 и статьей 48 Закона Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года "О гражданской защите", постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2014 года № 756 "Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера", на основании протокола заседания Комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций при Атырауском городском акимате от 12 мая 2015 года № 2, в связи со сложившейся обстановкой на территории города Атырау, в целях обеспечения жизнедеятельности населенных пунктов, аким города Атырау РЕШИЛ:
      1. Объявить на территории города Атырау чрезвычайную ситуацию природного характера местного масштаба.
      2. Ввести режим чрезвычайной ситуации функционирования городской территориальной подсистемы государственной системы гражданской защиты.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителя акима города - Зайдуллина А.
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие со дня его первого официального опубликования.
      Аким города Ожаев Н.