Жылыой ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 27-4 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 7 сәуірде № 3146 болып тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 16.03.2015 № 38-7 шешімімен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
       "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында, Жылыой ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес анықталсын.
       Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясына (Х. Жамалов) жүктелсін.
       Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
ХХVІІ сессиясының төрағасы
Т. Майлыбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы М. Кенғанов

  Аудандық мәслихаттың 27 наурыз 2015 жылғы № 27-4 шешіміне қосымша

Жылыой ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары


Өткізу орындары
1
Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, аудан әкімдігіне қарсы сахна алаңы
2
Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, орталық стадион

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады