Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17-22 "Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 28-1 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 сәуірде № 3190 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 9-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 28.09.2021 № 9-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 және 39 баптарына сәйкес және аудандық әкімдіктің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 170 қаулысын қарап, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17-22 "Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2823 санымен тіркелген, "Кең Жылой" газетінде 2013 жылғы 16 қаңтарда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      2 қосымшада:

      1 жолдағы "100 000" деген сандар "200 000" деген сандармен ауыстырылсын;

      5 жолдағы "5 000" деген сандар "25 000" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Шешiмнiң орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөнiндегi тұрақты комиссиясына (Б. Сұлтанов) жүктелсiн.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы шешім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін күшін сақтайды.

      Аудандық мәслихаттың ХХVIІI

      сессиясының төрағасы: Ү. Жақашев

      Аудандық мәслихат хатшысы: М. Кенғанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады