Қазақстан Республикасы Президентіне, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңартылған

Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 62 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 наурызда № 3121 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Қазақстан Республикасы Президентіне, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы М. Абуовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет огандарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Мұқанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы:
Ж. Ибрашев

      "3" наурыз 2015 жыл

  Аудан әкімдігінің
2015 жылғы "4" наурыздағы
№ 62 қаулысына қосымша

Қызылқоға ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Президентіне, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының ТІЗБЕСІ

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 17.05.2019 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

р/с

Ауылдық округтер атаулары

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Миялы ауылдық округі

Миялы ауылы, "Арман" мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

2

Миялы ауылдық округі

Миялы ауылы, "Халел Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд

3

Миялы ауылдық округі

Миялы ауылы, "Ы. Шөреков атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд

4

Сағыз ауылдық округі

Сағыз ауылы, "Шұғыла" мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

5

Сағыз ауылдық округі

Сағыз ауылы, "Жалпы білім беретін № 9 орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанына стенд

6

Сағыз ауылдық округі

Сағыз ауылы, "Кенбай орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд

7

Сағыз ауылдық округі

Кенбай елді мекені, "Т. Жанұзақов атындағы бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд

8

Мұқыр ауылдық округі

Мұқыр ауылы, "Мұқыр орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд

9

Мұқыр ауылдық округі

Мұқыр ауылы, Ғ.Есенғалиұлы көшесіндегі № 14 үйдің жанындағы стенд

10

Мұқыр ауылдық округі

Жамансор ауылы, "Жамансор бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд

11

Мұқыр ауылдық округі

Кенбай ауылындағы № 1"а" үйдің жанындағы стенд

12

Мұқыр ауылдық округі

Тасқұдық елді мекені, "Тасқұдық бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд

13

Мұқыр ауылдық округі

Жантерек ауылындағы № 41"а" үйдің жанындағы стенд

14

Мұқыр ауылдық округі

Соркөл елді мекеніндегі № 7 үйдің жанындағы стенд

15

Жангелдин ауылдық округі

Жангелдин ауылы, "Жангелдин" мәдениет үйі мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

16

Ойыл ауылдық округі

Жасқайрат ауылы, "Шалқыма" мәдениет үйі мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

17

Көздіғара ауылдық округі

Қоныстану ауылы, "Самал" мәдениет үйі мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

18

Тасшағыл ауылдық округі

Тасшағыл ауылы, "Тасшағыл орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд

19

Тасшағыл ауылдық округі

Тасшағыл ауылы, Нәсіпқали Мирамов көшесіндегі № 23 үйдің жанындағы стенд

20

Тасшағыл ауылдық округі
 

Қоғам елді мекеніндегі № 28 үйдің жанындағы стенд

21

Жамбыл ауылдық округі

Қаракөл ауылы, "Қаракөл" мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

22

Жамбыл ауылдық округі

Айдын елді мекеніндегі № 7 үйдің жанындағы стенд

23

Қызылқоға ауылдық округі

Қарабау ауылы, "Қарабау орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд

24

Тайсойған ауылдық округі

Тайсойған ауылы, "Қызылқоға ауданындағы Ғ. Сланов атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады