Қазақстан Республикасы Президентіне, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 47 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 наурызда № 3127 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 95 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 95 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Қазақстан Республикасы Президентіне, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ж.Бухарбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет огандарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Умаров
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы:
А. Ергужиев
      "25" ақпан 2015 жыл

  Аудан әкімдігінің 2015 жылғы "25" ақпандағы № 47 қаулысына қосымша

Мақат ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Президентіне, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттар депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының
ТІЗБЕСІ

Елді-мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орны

1

Бәйгетөбе ауылдық округі

Мақат аудандық білім беру бөліміне қарасты "Бәйге төбе мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд

2

Мақат кенті

"Мақат аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Мақат аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

3

Доссор кенті

"Мақат аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Доссор мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ғимараты жанындағы стенд

4

Мақат кенті
 

"Мұса Баймұханов атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд

5

Доссор кенті

"Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады