"Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 402 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 439 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 қаңтарда № 3524 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 136 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 16.05.2016 № 136 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 402 "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2971-нөмірмен тіркелген, 2015 жылғы 3 ақпанда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереженің "3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру" деген тараудың 21-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "21. Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;
      2) өз құзыреті шегінде "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
      3) "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат кестесін, оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
      4) "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіндегі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
      5) "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      6) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      7) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
      8) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді;
      9) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
      10) Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы және өкілді органдары қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;
      11) "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз іс-қимыл жасайды;
      12) заңнамамен белгіленген жағдайлар мен шектерде "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкіне билік етеді;
      13) шарттар жасасады және сенімхаттар береді;
      14) банктік шоттар ашады;
      15) бұйрықтар шығарады және "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің орындаулары үшін міндетті нұсқаулар береді;
      16) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеуге басшылық жасайды;
      17) "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылдау, босату, оларға қатысты тәртіптік жаза белгілеу және көтермелеу жөнінде бұйрықтар шығарады;
      18) Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.".
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберуді;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Б.Жылқышиевқа жүктелсін.
      Облыс әкімі Б.Атамқұлов
      Д.Сатыбалды
      Е.Садыр
      Б.Жылқышиев
      С.Тұяқбаев
      Е.Айтаханов
      А.Абдуллаев
      С.Қаныбеков
      К.Мендебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады