""Б" корпусындағы Арыс қалалық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Арыс қалалық мәслихатының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 42/259-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 44/268-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 қазанда № 3375 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2016 жылғы 4 наурызда № 52/307-V шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 04.03.2016 № 52/307-V шешiмiмен.
      "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы Жарлығының 27-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесінің 2-тармағына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Арыс қалалық мәслихатының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 42/259-V ""Б" корпусындағы Арыс қалалық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3303 тіркелген, 2015 жылғы 15 тамызда "Арыс ақиқаты" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімімен бекітілген орыс тіліндегі "Б" корпусындағы Арыс қалалық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесінің 13 тармағына өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгертілмейді.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы
А.Жауынбаев
      Қалалық мәслихат хатшысы Т.Тулбасиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады