Қазығұрт ауданы бойынша елді мекендердің шекарасын (шегін) белгілеу және өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 42/285-V шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 2 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 мамырда № 3171 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108 бабының 1, 5 тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес және аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі мен аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысы негізінде, Қазығұрт ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазығұрт аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазығұрт ауданы, Қақпақ ауыл округі, Сырлысай елді мекенінің шекарасы (шегі) жалпы көлемі 127,0 гектар болып белгіленсін.
      2. Қазығұрт ауданы бойынша елді мекендердің шекарасы (шегі) өзгертілсін:
      1) 16,4 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып Қызылқия ауыл округі, Тұғыртас елді мекенінің жалпы ауданы 41,4 гектар;
      2) 7,6 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып Алтынтөбе ауыл округі, Қарабау елді мекенінің жалпы ауданы 17,4 гектар;
      3) 21,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып Қақпақ ауыл округі, Заңғар елді мекенінің жалпы ауданы 77,0 гектар;
      4) 60,7 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып Шанақ ауыл округі, Ақжар елді мекенінің жалпы ауданы 351,2 гектар;
      5) 29,9 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып Шанақ ауыл округі, Станция Шанақ елді мекенінің жалпы ауданы 41,9 гектар;
      6) 15,7 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып Шанақ ауыл округі, Ызабұлақ елді мекенінің жалпы ауданы 71,4 гектар;
      7) 37,1 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып Шарапхана ауыл округі, Талдыбұлақ елді мекенінің жалпы ауданы 63,9 гектар;
      8) 9,4 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып Шарапхана ауыл округі, Майлыошақ елді мекенінің жалпы ауданы 112,92 гектар;
      9) 8,6 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып Шарапхана ауыл округі, Бақабұлақ елді мекенінің жалпы ауданы 46,1 гектар;
      10) 57,5 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып Қарабау ауыл округі, Үшбұлақ елді мекенінің жалпы ауданы 162,1 гектар;
      11) 60,9 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып Қарабау ауыл округі, Қарабау елді мекенінің жалпы ауданы 118,2 гектар;
      12) 15,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып Қарабау ауыл округі, Сынтас елді мекенінің жалпы ауданы 296,52 гектар;
      13) 60,6 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып Жаңабазар ауыл округі, Тілектес елді мекенінің жалпы ауданы 123,4 гектар;
      14) 4,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып Жаңабазар ауыл округі, Үлгілі елді мекенінің жалпы ауданы 12,9 гектар;
      15) 25,6 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып Жаңабазар ауыл округі, Жеңіс елді мекенінің жалпы ауданы 71,9 гектар;
      16) 13,8 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып Жаңабазар ауыл округі, Каз ССР ХХ жыл елді мекенінің жалпы ауданы 58,4 гектар;
      17) 49,5 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып Жаңабазар ауыл округі, Жаңажол елді мекенінің жалпы ауданы 112,5 гектар;
      18) 55,6 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып Жаңабазар ауыл округі, Қарабастау елді мекенінің жалпы ауданы 115,7 гектар;
      19) 57,4 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып Жаңабазар ауыл округі, Жаңаталап елді мекенінің жалпы ауданы 171,7 гектар;
      20) 32,6 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып Жігерген ауыл округі, Қызылбұлақ елді мекенінің жалпы ауданы 81,5 гектар;
      21) 90,8 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып Жігерген ауыл округі, Айнатас елді мекенінің жалпы ауданы 210,0 гектар;
      22) 89,2 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып Жігерген ауыл округі, Тесіктөбе елді мекенінің жалпы ауданы 125,6 гектар;
      23) 35,6 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып Шарбұлақ ауыл округі, Шарбұлақ елді мекенінің жалпы ауданы 406,1 гектар.
      2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Н.Кадыров
      Аудан әкімі Б.Кыстауов
      Аудандық мәслихат
      хатшысының міндетін
      уақытша атқарушы Ж.Карабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады