Сайрам ауданының Құтарыс ауылы аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 10 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 31 наурызда № 3094 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 22 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімінің 30.11.2015 № 22 шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағы 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес Сайрам ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Сайрам ауданының Құтарыс ауылдық округінің Құтарыс ауылы аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Т.Керімбековке жүктелсін.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                У.Қайназаров

Об объявлении на территории села Кутарыс Сайрамского района чрезвычайной ситуации природного характера

Решение акима Сайрамского района Южно-Казахстанской области от 26 марта 2015 года № 10. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 31 марта 2015 года № 3094. Утратило силу решением акима Сайрамского района Южно-Казахстанской области от 30 ноября 2015 года № 22

      Сноска. Утратило силу решением акима Сайрамского района Южно-Казахстанской области от 30.11.2015 № 22.

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», статьей 48 Закона Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года «О гражданской защите», постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2014 года № 756 «Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера», аким Сайрамского района РЕШИЛ:
      1. Объявить на территории села Кутарыс Кутарысского сельского округа Сайрамского района чрезвычайную ситуацию природного характера.
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителя акима района Т.Керимбекова.
      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким района                                В.Кайназаров