Созақ ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімінің 2015 жылғы 26 тамыздағы № 32 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 қыркүйекте № 3336 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ ауданы әкімінің 2018 жылғы 22 қарашадағы № 28 шешімімен

      Ескерту. Күшi жойылды - Түркiстан облысы Созақ ауданы әкiмiнiң 22.11.2018 № 28 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 23 бабының 1 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 2 тармағына сәйкес Созақ ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Созақ ауданының аумағында сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.

      2. Созақ ауданы әкімінің 2012 жылғы 28 тамыздағы № 35 "Созақ ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2098 тіркелген, 2012 жылғы 8 қыркүйектегі аудандық "Созақ үні" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Оразовқа жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      М.Исаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Созақ аудандық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      ______________Ә.Мұсаұлы

      26 тамыз 2015 жыл

  Созақ ауданы әкімінің
2015 жылғы 26 тамыздағы
№ 32 шешіміне қосымша

Созақ ауданының аумағындағы сайлау учаскелері

      № 740 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері–Шолаққорған ауылдық округі, Абай елді мекені, № 13 ғимарат Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Иманов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

      Шекарасы: Абай елді мекені

      № 741 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері-Шолаққорған ауылдық округі, Балдысу елді мекені, № 18 ғимарат Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Жамбыл атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

      Шекарасы: Балдысу елді мекені

      № 742 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері-Шолаққорған ауылдық округі, Қарабұлақ елді мекені, № 21 ғимарат Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Қарабұлақ" бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

      Шекарасы: Қарабұлақ елді мекені

      № 743 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері-Шолаққорған ауылдық округі, Жеткіншек елді мекені, № 21 ғимарат Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Жеткеншек" бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ескі ғимараты

      Шекарасы: Жеткіншек елді мекені

      № 744 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері-Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған елді мекені, Жібек жолы-2 көшесі, № 3 ғимарат Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

      Шекарасы: Шолаққорған елді мекенінің Ұзынбұлақ, Қарасуан, Қызыләскер, Жаманай, Шабыр, Қоянбұлақ, Төбеқұдық мал жайылымдары мен А.Жынысбаев, Н.Төреқұлов, Ү.Тастанов, С.Сиязбеков, Жібек жолы-2, М.Әуезов, С.Әбуов, М.Төлебаев, Т.Сүннетов, Т.Тоқбергенов, Б.Момышұлы, С.Мұханов, Ә.Оспанов, С.Қожанов, Қ.Рүстемов көшелері

      № 745 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері-Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған елді мекені, Ә.Молдағұлова-2 көшесі, № 32 ғимарат "Созақ ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік мекемесі

      Шекарасы: Шолаққорған елді мекенінің, Ә.Молдағұлова-1, Ш.Бекжанұлы-1 көшелерінің Абылайхан көшесіне дейінгі оңтүстік жақ бөлігі, Ә.Молдағұлова-2, Ш.Бекжанұлы-2, Ж.Қаламбаев, А.Спатаев, Жангелдин, Сұлтанбекхан, А.Аманжолов, кіші Балдысу, А.Рахышұлы көшелері және Жамбыл көшесінің батыс бөлігі

      № 746 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері-Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған елді мекені, Абылай хан көшесі, № 3 ғимарат Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

      Шекарасы: Шолаққорған елді мекенінің, Абылайхан, Қазыбек би, А.Байтұрсынов, Жайшыбеков көшелері және Ә.Молдағұлова-1, Ш.Бекжанұлы-1 көшелерінің Абылайхан көшесінен кейінгі батыс жақ бөлігі, Жамбыл көшесінің оңтүстік бөлігі, М.Мәметова, Әйтеке би, Ж.Меймандосов, Төле би, Қ.Сәтпаев, Ш.Қалдаяқов, Теріскей, Б.Ахметов көшелері.

      № 747 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері-Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған елді мекені, Жібек жолы көшесі-1, № 5 ғимарат, Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мыңжылқы" мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

      Шекарасы: Шолаққорған елді мекенінің, Ж.Ерімбетов, С.Төлендиев, П.Маханов, Ж.Қарғабаев, З.Темірбекова, С.Тоқпанбетов, Б.Өтешов, Е.Өмірбеков, Т.Аймұрзаев, К.Тұрымбеков, А.Мырзалиев, А.Әмзеев, О.Анарбеков, Ә.Зейілбекұлы, С.Еспенбетов, А.Иманов, І.Кеңесбаев, Ы.Алтынсарин, Т.Әубәкіров, Абай, Жібек жолы-1 көшелері, Ақшам мөлтек ауданы.

      № 748 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері-Жартытөбе ауылдық округі, Жартытөбе елді мекені, С.Сейфуллин көшесі, 20 ғимарат Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Қ.Кемелұлы атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

      Шекарасы: Жартытөбе елді мекені, Комсомол және құм өңірі мал жайылымдары

      № 749 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері-Жартытөбе ауылдық округі, Аққолтық елді мекені, Қ.Арқабаев көшесі, 34 ғимарат Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

      Шекарасы: Аққолтық елді мекені және Таскөмірсай жылыту бекеті

      № 750 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері-Жартытөбе ауылдық округі, Бабата елді мекені, А.Сайлаубекұлы көшесі, 7 ғимарат, ауылдық клуб

      Шекарасы: Бабата елді мекені

      № 751 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері-Құмкент ауылдық округі, Құмкент елді мекені, Қ.Берденұлы көшесі, нөмірсіз ғимарат Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің асханасы

      Шекарасы: Құмкент елді мекенінің Абай, Құмкент, К.Берденұлы, Ж.Есіркепұлы, Жамбыл, Жылыбұлақ көшелері және мал жайылымдары

      № 752 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері-Құмкент ауылдық округі, Қызылкөл елді мекені,

      Қ.Төлеуұлы көшесі, нөмірсіз ғимарат ауылдық клуб

      Шекарасы: Қызылкөл елді мекені

      № 753 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері-Құмкент ауылдық округі, Құмкент елді мекені, Қ.Берденұлы көшесі, нөмірсіз ғимарат Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кіре берістегі дәлізі

      Шекарасы: Құмкент елді мекенінің Тасарық, Амангелді, Қызылқанат көшелері

      № 754 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері-Сызған ауылдық округі, Қозмолдақ елді мекені, Т.Момбеков көшесі, 21 ғимарат Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

      Шекарасы: Қозмолдақ және Басбұлақ елді мекендері

      № 755 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері-Сызған ауылдық округі, Сызған елді мекені, Мектеп көшесі, № 9 Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Қ.Рүстемов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

      Шекарасы: Сызған елді мекені

      № 756 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері-Сызған ауылдық округі, Қайнар елді мекені, Ж.Әділбеков көшесі, № 29 Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Макаренко атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

      Шекарасы: Қайнар елді мекені, Мардан ата

      № 757 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері-Созақ ауылдық округі, Созақ елді мекені, С.Мәтенбаев көшесі нөмірсіз үй, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Созақ жалпы орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

      Шекарасы: Созақ елді мекені, Б.Абдраманов, Абай, Қ.Сәтпаев, С.Сейфуллин, Қ.Юсупов, Жаңа құрылыс, С.Мәтенбаев көшелері, Ж.Өткелбаев көшесінің батыс және Рысбек көшесінің солтүстік бөліктері

      № 758 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері-Созақ ауылдық округі, Созақ елді мекені, Ә.Науайы көшесі нөмірсіз үй, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Науайы атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

      Шекарасы: Созақ елді мекені, Шілменбет би, Ә.Науайы, Қ.Тоқмұхамбетов, Белгібай қажы, С.Насурлаев, М.Мәметова, Суықбұлақ көшелері мен Рысбек көшесінің оңтүстік бөлігі және оңтүстік тау бөктеріндегі мал жайылымдары

      № 759 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері-Созақ ауылдық округі, Көктөбе елді мекені, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Суындық жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

      Шекарасы: Көктөбе елді мекені, мал жайылымдары

      № 760 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері-Созақ ауылдық округі, Ыбырай елді мекені Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

      Шекарасы: Ыбырай, Қақпансор елді мекені, мал жайылымдары

      № 761 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері-Созақ ауылдық округі, Созақ елді мекені, М.Әуезов көшесі нөмірсіз үй, "№ 1 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

      Шекарасы: Созақ елді мекені, Ж.Жабаев, Амангелді, Құрманғазы, М.Әуезов, Б.Әлібаев, Б.Қожамбердиев көшелері мен Ж.Өткелбаев көшесінің шығыс бөлігі мен мал жайылымдары

      № 762 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері-Қарақұр ауылдық округі, Қарақұр елді мекені, Үсенбай көшесі, 32 ғимарат Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Қарағұр" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

      Шекарасы: Қарақұр елді мекені

      № 763 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері-Қарақұр ауылдық округі, Раң елді мекені Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Батырбекова атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

      Шекарасы: Раң ата елді мекені

      № 764 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері-Қарақұр ауылдық округі, Шаға елді мекені, С.Бақбергенов көшесі, нөмірсіз ғимарат Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "С.Бақбергенов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

      Шекарасы: Шаға елді мекені

      № 765 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері-Қаратау ауылдық округі, Бақырлы елді мекені, Жиенбет батыр көшесі, 14 ғимарат ауылдық клуб

      Шекарасы: Бақырлы елді мекені

      № 766 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері-Қаратау ауылдық округі, Ақсүмбе елді мекені, ауылдық клуб

      Шекарасы: Ақсүмбе елді мекені, өндіріс орындары

      № 767 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері-Қаратау ауылдық округі, Саржаз елді мекені, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Саржаз" негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

      Шекарасы: Саржаз елді мекені

      № 768 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері-Жуантөбе ауылдық округі, Жуантөбе елді мекені, Б.Достайұлы көшесі нөмірсіз ғимарат, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "С.Сейфуллин атынлағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

      Шекарасы: Жуантөбе елді мекені

      № 769 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері-Жуантөбе ауылдық округі, Жуантөбе елді мекені, Ә.Жақсыбайұлы көшесі, нөмірсіз ғимарат, ауылдық клуб

      Шекарасы: Қоңыратарық елді мекені

      № 770 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері-Тасты ауылдық округі, Қазақстан көшесі, нөмірсіз ғимарат Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Абай атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

      Шекарасы: Тасты елді мекені

      № 771 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері-Тасты ауылдық округі, Қылти елді мекені, Қылти медициналық бекеті мекені

      Шекарасы: Қылти елді мекені

      № 772 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері-Шу ауылдық округі, Шу елді мекені, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Қаламбаев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

      Шекарасы: Шу елді мекені

      № 773 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері-Қыземшек кенті, 2-шағын аудан, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Ләнде Бөкенов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

      Шекарасы: Қыземшек кенті, өндіріс орындары

      № 774 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері-Қыземшек кенті, Тайқоңыр елді мекені Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Төлеген Момбеков атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

      Шекарасы: Тайқоңыр елді мекені, өндіріс орындары

      № 775 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері-Таукент кенті, 1-ықшам аудан, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

      Шекарасы: Таукент кенті, өндіріс орындары

      № 776 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері-Таукент кенті, І.Кеңесбаев көшесі, нөмірсіз ғимарат Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Сүгір Әліұлы атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кіре берістегі оң жақтағы бөлмелер

      Шекарасы: Таукент кентіне баратын автокөлік жолының сол жақ бөлігі

      № 1011 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері-Таукент кенті, Жыныс елді мекені, І.Кеңесбаев көшесі, нөмірсіз ғимарат Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Сүгір Әліұлы атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кіре берістегі сол жақтағы бөлмелері

      Шекарасы: Таукент кентіне баратын автокөлік жолының оң жақ бөлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады