2015 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 131 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 сәуірде № 3103 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімі аппаратының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 2067 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімі аппаратының 14.12.2015 № 2067 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына және «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша Түлкібас ауданының аумағында егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Жанесенге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 15 наурызынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі                                Қ.Абдуалиев

Түлкібас ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 2 наурыздағы
№ 131 қаулысына қосымша

2015 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша Түлкібас ауданының аумағында егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері

Дақылдар түрі

Оңтайлы себу мерзімдері

Ескертпе

басталуы

аяқталуы

1

Жаздық бидай

15.03.2015 ж.

15.04.2015 ж.

Егістік және суармалы жер

2

Арпа

15.03.2015 ж.

15.04.2015 ж.

Егістік және суармалы жер

3

Мақсары

15.03.2015 ж.

25.04.2015 ж.

Егістік жер

4

Жоңышқа

15.03.2015 ж.

20.04.2015 ж.

Егістік және суармалы жер

5

Көкөніс

20.03.2015 ж.

20.05.2015 ж.

Суармалы жер

6

Дәнді жүгері

25.04.2015 ж.

15.05.2015 ж.

Суармалы жер

7

Күздік бидай

5.10.2015 ж.

5.11.2015 ж.

Егістік және суармалы жер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады