""Б" корпусындағы Түлкібас аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Түлкібас аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 шілдедегі № 42/3-05 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 43/8-05 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 қазанда № 3360 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Түлкiбас аудандық мәслихатының 2016 жылғы 3 наурыздағы № 49/2-05 шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Түлкiбас аудандық мәслихатының 03.03.2016 № 49/2-05 шешiмiмен.
      "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы Жарлығының 27-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесінің 2-тармағына сәйкес, Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Түлкібас аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 шілдедегі № 42/3-05 ""Б" корпусындағы Түлкібас аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3294 тіркелген, 2015 жылғы 14 тамызда "Шамшырақ" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімімен бекітілген орыс тіліндегі "Б" корпусындағы Түлкібас аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесінің 13 тармағына өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгертілмейді.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың хатшысы А.Сапаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады