"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Шардара ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 5 маусымдағы № 271 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 246 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 маусымда № 3221 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 8 маусымдағы № 243 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 08.06.2016 № 243 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шардара ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 5 маусымдағы № 271 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2704 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 шілдеде "Шартарап Шарайна" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі К.Айтуреев

  Шардара ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "15"
маусымдағы
№ 246 қаулысына қосымша
Шардара ауданы әкімдігінің
2014 жылғы "5" маусымдағы
№ 271 қаулысына 2-қосымша

Жан басына шағып қаржыландырудың мөлшері

Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге

Балабақша

Мектеп жанындағы шағын орталық

18375,8

7021,9

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады