"Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 06 ақпандағы № 26 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 ақпанда № 3689 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 262 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.08.2016 № 262 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, 39-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабының 7) тармақшасына, 164-бабына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. "Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.М. Мусинге жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2015 жылғы "6" ақпандағы
№ 26 қаулысымен
бекітілген

"Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінiң ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облысында жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, 070000,Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі,152.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы: "Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы ереже "Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. "Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері,функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы Шығыс Қазақстан облысында жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына бақылауды жүзеге асыруболып табылады.
      14. "Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің міндеттері мемлекеттiк органдардың, жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын, Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын анықтауды және жоюды, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiрудi, жер учаскелерiн пайдалану ережелерiнiң сақталуын және жердi ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуден тұрады.
      15. Функциялары:
      "Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі:
      1) мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерiн нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгiленген режимiн сақтауына;
      2) жер учаскелерiн өз бетiнше иеленiп алуға жол бермеуге;
      3) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарының сақталуына;
      4) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақытында және дұрыс жүргiзуiне;
      5) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың өздерiнде жердiң бар-жоғы, олардың жай-күйi мен пайдаланылуы туралы мәлiметтердi мемлекеттiк органдарға уақтылы беруiне;
      6) жердiң жай-күйiне әсер ететiн тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң жобалануына, орналастырылуы мен салынуына;
      7) жердi жақсарту жөнiндегi, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердiң тозуын туғызатын басқа да процестердiң салдарын болғызбау мен жою жөнiндегi iс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;
      8) азаматтардың өздерiне жер учаскелерiн беру туралы өтініштерін (өтiнiшхаттарын) қараудың белгiленген мерзiмдерiнiң сақталуына;
      9) межелiк белгiлердiң сақталуына;
      10) жергiлiктi атқарушы органдар уақытша жер пайдалануға берген жердiң уақтылы қайтарылуына;
      11) бүлiнген жердiң қалпына келтірілуіне;
      12) жердiң бүлiнуiне байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына;
      13) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады және жүргiзедi және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәселелер.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) кiнәлiлердi жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн Қазақстан Республикасының жер заңдарының бұзылуы туралы материалдарды тиiстi органдарға жiберуге;
      2) Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуы туралы хаттамалар (актiлер) жасауға;
      3) Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жазалау туралы қаулылар шығаруға;
      4) Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу салдарынан келтірілген шығынды өтеу туралы, өз мақсатында пайдаланылмай не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерiн мәжбүрлеп алып қою туралы, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының анықталған Қазақстан Республикасы жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде берген нұсқамаларын осы нұсқама берілген тұлғалар нұсқамада көрсетілген мерзімде орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда оларды орындау туралы және жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан айыппұл өндіріп алу туралы істер бойынша сотқа талап-арыз дайындауға және беруге;
      5) қызметтiк куәлiгiн көрсеткен жағдайда, ұйымдарға кедергiсiз кiруге, меншiктегi және пайдаланудағы жер учаскелерiн тексеруге, ал әскери, қорғаныс және басқа да арнаулы объектiлер алып жатқан жер учаскелерiн - оларға кiрудiң белгiленген режимiн ескере отырып, тексеруге;
      6) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға жердi қорғау, Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуын жою мәселелерi бойынша орындалуға мiндеттi нұсқамалар беруге;
      7) өнеркәсiптiк, азаматтық және басқа да құрылыстар, пайдалы қазба кен орындарын игеру, объектiлердi пайдалану, агротехникалық, орман мелиорациялық, геологиялық-барлау, iздестiру, геодезиялық және өзге де жұмыстар, егер олар Қазақстан Республикасының жер заңдарын, ерекше қорғалатын аумақтар жерiн пайдаланудың белгiленген режимiн бұза отырып жүзеге асырылса және топырақтың құнарлы қабатының жойылуына, ластануына, залалдануына немесе бүлiнуiне, эрозияның күшеюiне, тұздануға, батпақтануға және шектес аумақтарды қоса алғанда, топырақ құнарлылығын төмендететiн басқа да процестерге әкеп соғуы мүмкiн болса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар экологиялық сараптамадан өтпеген не терiс қорытынды алған жобалар бойынша жүзеге асырылса, оларды тоқтата тұруға;
      8) мемлекеттiк органдардан жер қорының жай-күйi туралы статистикалық ақпаратты алуға;
      9) жерге құқықты белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң салынуын тоқтата тұруға құқығы бар;
      10) Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушыларға уақтылы шаралар қолдануға;
      11) жүргiзiлетiн тексерулердiң материалдарын объективтi түрде дайындауға мiндеттi.

3. "Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуымен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      17. "Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      18. "Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      20. "Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) "Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз іс-әрекет етеді;
      2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      3) шарттар жасасады;
      4) сенімхаттар береді;
      5) банк шоттарын ашады;
      6) "Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларын және өзге де жұмысшыларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      8) "Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне және өзге де жұмысшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазаға тартады;
      9) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіптік даярлығына сәйкес мемлекеттiк қызметке теңдей қол жеткiзуін қамтамасыз етеді;
      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қажетті шаралар қабылдайды және бұл үшін дербес жауапты болады;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      "Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезінде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21."Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Шығыс Қазақстан облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады