Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Мамай батыр ауылындағы Аблакетка өзенінің және Сағыр ауылындағы Сағыр өзенінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылық пайдаланудың режимін белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы N 114 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 04 маусымда N 3986 болып тіркелді

       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, "Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Мамай батыр ауылындағы Аблакетка өзенінің және Сағыр ауылындағы Сағыр өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу" жобасына сәйкес және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау үшін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Мамай батыр ауылындағы Аблакетка өзенінің және Сағыр ауылындағы Сағыр өзенінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Мамай батыр ауылындағы Аблакетка өзенінің және Сағыр ауылындағы Сағыр өзенінің су қорғау аймақтары аумағында шаруашылық пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі белгіленсін.
      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (М. Н. Нұрғалиев) "Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Мамай батыр ауылындағы Аблакетка өзенінің және Сағыр ауылындағы Сағыр өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу" жобасын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Ұлан ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға берсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д. М. Мусинге жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Д. Ахметов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Су ресурстары комитетінің
      Су ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
      инспекциясының басшысы Р. Сүлейменов

      2015 жылғы "14" 05
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрлігі
      Тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау комитетінің
      Шығыс Қазақстан облысы
      тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау
      департаментінің басшысы Ғ. Сүлейменов

      2015 жылғы "15" 05

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2015 жылғы "13" мамырдағы
№ 114 қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Мамай батыр ауылындағы Аблакетка өзенінің және Сағыр ауылындағы Сағыр өзенінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері

р/с

Су объектісі

Қаралып отырған ұзындық, км

Су қорғау аймағы

Соның ішінде су қорғау белдеуі

Өзендердің

Жағалау сызығының

Шекарасының ұзындығы (км)

Аумағы (га)

Орташа ені (м)

Шекарасының ұзындығы (км)

Аумағы (га)

Орташа ені (м)

1

Аблакетка өзені

3,8

7,6

5,9

262,8

70-850

6,6

45,1

35-75

2

Сағыр өзені

3,9

7,8

6,4

214,1

75-500

7,1

48,6

35-100

      Ескертпе:
      Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген "Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Мамай батыр ауылындағы Аблакетка өзенінің және Сағыр ауылындағы Сағыр өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу" жобасының картографиялық материалында көрсетілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады