Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 04 маусымдағы № 140 қаулысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 01 шілдедегі № 29/349-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 шілдеде № 4024 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес, "Ұлан ауданы Алмасай ауылдық округінің "17 шақырым" елді мекенін ауыл категориясына жатқызу туралы" Ұлан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 223 шешімі және Ұлан ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 1024 қаулысы негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Ұлан ауданы Алмасай ауылдық округінің "17 шақырым" елді мекені ауыл категориясына жатқызылсын.
      2. Осы шешім мен қаулы олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия Облыс әкімі
      төрағасы Н. Омаров Д. Ахметов
      Облыстық мәслихат
      хатшысы Г. Пинчук

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады