Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 4852 "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 07 шілдедегі № 11919 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 07 тамызда № 4086 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 369 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 24.05.2016 № 369 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 729, 804-баптарына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өскемен қаласы әкімдігінің "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 4852 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3314 тіркелген, 2014 жылғы 22 мамырда "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
       15-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "15-1) Қазақстан Республикасының заңдарымен жарнамалауға тыйым салынған тауарлардың (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің) жарнамасын шығару, тарату, орналастыру және пайдалану түрінде жасалған Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды әзірлеу;".
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Өскемен қаласының
      әкімі Т. Қасымжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады