"Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2015 жылғы 17 наурыздағы № 86 Курчатов қаласы әкімдігінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 127 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 мамырда № 3952 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 439 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 11.05.2016 № 439 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21 бабына сәйкес Курчатов қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2015 жылғы 17 наурыздағы № 86 Курчатов қаласы әкімдігінің қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 06 сәуірдегі 3841 нөмірімен тіркелген, "7 дней" газетінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 16 (1026) санында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген каулымен бекітілген Ережедегі:
      "2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері" деген бөлімінде:
      17-тармақта:
      1), 5), 9), 10), 11) тармақшалары алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары С. М. Кенжебековқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Курчатов қаласының әкімі Н. Нұрғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады