Қазақстан Республикасы Президентігіне үміткерлерге Абай ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 896 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 31 наурызда № 3791 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 22.01.2016 № 9 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес, барлық кандидаттар үшін тең құқықтарды қамтамасыз ету мақсатында, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентігіне үміткерлерге Абай ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
      2. Абай ауданының ауылдық округтер әкімдері жалпы пайдаланымдағы жерлерде үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындардың жабдығын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Абай ауданының әкімі Т. Мүсәпірбеков
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Абай аудандық аумақтық сайлау
      комиссиясының төрағасы Т. Ерденбеков

      "20" 03 2015 жыл

  Абай ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "20" наурыздағы
№ 896 қаулысымен бекітілді

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар тізбесі


р/с

Елді-мекен атауы

Үгіттік баспа материалдарын
орналастыратын орындар

Абай ауданы
1
Қарауыл ауылдық округі
Қарауыл ауылы, "Аға сұлтан" алаңы, (Мұхаметқанов көшесі)
2
Кеңгірбай би ауылдық округі
Кеңгірбай би ауылы, "Шәкерім атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында
3
Көкбай ауылдық округі
Көкбай ауылы, ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанында
4
Құндызды ауылдық округі
Құндызды ауылы, ауылдық клуб ғимаратының жанында
5
Архат ауылдық округі
Архат ауылы, ауылдық клуб ғимаратының жанында
6
Орда елді мекені
Орда елді мекені, "Мамай атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында
6
Қасқабұлақ ауылдық округі
Қасқабұлақ ауылы, ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанында
7
Саржал ауылдық округі
Саржал ауылы, ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанында
8
Тоқтамыс ауылдық округі
Тоқтамыс ауылы, ауылдық клуб ғимаратының жанында
9
Медеу ауылдық округі
Медеу ауылы, "Медеу орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады