Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлерге Катонқарағай ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 107 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 9 сәуірде № 3855 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 380 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы әкімдігінің 30.12.2020 № 380 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 1, 2-тармақтарына сәйкес, Катонқарағай аудандық әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1.Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлерге Катонқарағай ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгiленсiн.
      2. Катонқарағай ауданының ауылдық округтер әкімдері жалпы пайдаланымдағы жерлерде үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындардың жабдығын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы
Келісілді:
Катонқарағай аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
"19" наурыз 2015 жыл
Б.РақышеваМ.Тлеубаев

  Катонқарағай ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "19 " наурыздағы
№ 107 қаулысымен бекітілді

Үгiттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

      1. Новохайрузовка ауылдық округы бойынша:
      Алыбай ауылы – Абай көшесі, клуб ғимаратының жанында;
      Новохайрузовка ауылы – Ленин көшесі, ауыл орталығындағы жарнама тақтасы;
      Приморское ауылы – Шоссейная көшесінің бойында;
      Құндызды ауылы – Центральная көшесінің бойында.
      2. Үлкен Нарын ауылдық округы бойынша:
      Үлкен Нарын ауылы – Тұмашинов көшесінің бойында; Слямов көшесінің бойында; Астана көшесі, "Аграрлы-техникалық колледж" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында;
      Жұлдыз ауылы – Амангелді көшесі, фельдшерлік акушерлік пункті ғимаратының жанында;
      Көктерек ауылы – Құсметов көшесі, фельдшерлік акушерлік пункті ғимаратының жанында;
      Балғын ауылы - Омаров көшесінің бойында;
      Көкбастау ауылы - Гагарин көшесінің бойында;
      Свинчатка ауылы - Молодежная көшесінің бойында.
      3. Солоновка ауылдық округы бойынша:
      Солоновка ауылы - Советская көшесі, ауылдық клуб ғимаратының жанында;
      Малонарымка ауылы - Советская көшесінің бойында.
      4. Алтынбел ауылдық округы бойынша:
      Алтынбел ауылы - Тәуелсіздік көшесінің бойында;
      Майемер ауылы - Тайбұға көшесінің бойында;
      Үштөбе ауылы - Садыков көшесінің бойында;
      Егінді ауылы - Школьная көшесінің бойында.
      5. Новополяковка ауылдық округы бойынша:
      Новополяковка ауылы - Абай көшесінің бойында;
      Бесүй ауылы - Қ. Рысқұлбеков көшесінің бойында;
      Қаражал ауылы - Қазақстан көшесінің бойында;
      Сенное ауылы - Тәуелсіздік көшесінің бойында, "Сенное негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында;
      Ульяновка ауылы - Достық көшесінің бойында.
      6. Солдатово ауылдық округы бойынша:
      Солдатово ауылы - Тәуелсіздік көшесі, ауылдық клуб ғимаратының жанында.
      7. Белқарағай ауылдық округы бойынша:
      Белқарағай ауылы - Жұнұсов көшесінің бойында;
      Топқайың ауылы - Қазақстан көшесінің бойында;
      Өрнек ауылы - Болашақ көшесінің бойында;
      Согорное ауылы - Достық көшесінің бойында.
      8. Катонқарағай ауылдық округы бойынша:
      Катонқарағай ауылы –Абай көшесі, ауылдық мәдениет үйінің жанында;
      Қабырға ауылы - Абай көшесі, спорт кешені ғимаратының жанында;
      Жаңа Үлгі ауылы - Тайсаринов көшесі, клуб ғимаратының жанында;
      Шыңғыстай ауылы - Бұқтарма көшесі, клуб ғимаратының жанында;
      Мойылды ауылы - Отан көшесі, медициналық пункт ғимаратының жанында.
      9. Аққайнар ауылдық округы бойынша:
      Аққайнар ауылы - Абай көшесі, клуб ғимаратының жанында;
      Қызыл Жұлдыз ауылы - Абай көшесі, клуб ғимаратының жанында;
      Қайыңды ауылы - М. Маметова көшесі, клуб ғимаратының жанында;
      Ақмарал ауылы - Қазақстан көшесі, клуб ғимаратының жанында.
      10. Жамбыл ауылдық округы бойынша:
      Жамбыл ауылы - Қайнар көшесі, ауылдық клуб ғимаратының жанында;
      Берел ауылы - Орталық көшесі, ауылдық клуб ғимаратының жанында;
      Маралды ауылы - Тәуелсіздік көшесінің бойында;
      Рахмановские ключи ауылы - Арасан көшесінің бойында.
      11. Өрел ауылдық округы бойынша:
      Өрел ауылы - Қабанбай батыр көшесі, "Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында;
      Еңбек ауылы - Таңба көшесінің бойында;
      Аршаты ауылы - Күншығыс көшесінің бойында.
      12. Ақсу ауылдық округы бойынша:
      Ақсу ауылы - Абай көшесінің бойында;
      Жазаба ауылы - М.Ауезов көшесі №13, "Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында;
      Бекалқа ауылы - Ойман көшесі №3, "Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында;
      Ақшарбақ ауылы - О.Бокей көшесі №15, "Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында.
      13. Коробиха ауылдық округы бойынша:
      Коробиха ауылы - Заречная көшесінің бойында;
      Барлық ауылы - Қабанбай көшесінің бойында;
      Үшбұлақ ауылы - Үшбұлақ көшесі, ауылдық клуб ғимаратының жанында.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады