Шыңғыстай ауылындағы көшені қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 09 қыркүйектегі № 01 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 қазанда № 4171 болып тіркелді

       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк–аумақтық құрылысы туралы" Казақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, 2015 жылғы 10 маусымдағы Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Катонқарағай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Катонқарағай ауылдық округiнің Шыңғыстай ауылындағы Көктерек көшесі Дүзбаев Кабдрахман көшесі деп қайта аталсын.
      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Катонқарағай ауылдық округi әкiмiнің орынбасары Р. Қ.Сейтқановқа жүктелсiн.
      3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Катонқарағай ауылдық округінің әкімі А. Балтабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады