"Ұлан ауданының жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" Ұлан аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 182 шешімге өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 05 наурыздағы N 239 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 01 сәуірде N 3804 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 ақпандағы № 165 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық мәслихатының 14.02.2018 № 165 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 43, 43-1 баптарына сәйкес Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ұлан аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 182 "Ұлан ауданының жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-17-130 нөмірімен тіркелген, "Ұлан таңы" газетінің 2010 жылғы 11 маусымдағы № 36 санында жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
      аталған шешімнің атауы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Ұлан ауданында жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерiн бекіту туралы";
      аталған шешімнің кіріспе бөлімі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Кодексінің 8, 11 баптарына сәйкес, Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Рагызбаева
      Аудандық
      мәслихат хатшысы Н. Сейсембина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады